Төле би ауылы
Мемлекеттік қызмет стандарттарының
ағымды және нысаналы көрсеткіштер
мәнін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» № 140 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.«Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.«Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3.«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4.«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5.«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6.«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7.«Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының ағымды және нысаналы көрсеткіштер мәні №7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
8.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Қ.Жабағиев
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты




