Әділет органдары:
1) мынадай азаматтық хал актілерін тіркеу:
туу;
тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру;
некені бұзу.
2) жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын беру;
3) Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
Қорғаныс министрлігінің органдары:
1) запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару;
2) запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару;
3) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару;
4) жеңілдігі бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;
5) әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтамалар беру;
Жергілікті атқарушы органдар:
1) жер учаскесіне меншік құқығына арналған актілерді ресімдеу;
2) жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
3) уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу;
4) уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
6) мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу;
7) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
8) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
9) мүгедектерді сурдо- тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу;
10) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
11) тұрғын үй көмегін тағайындау;
12) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
13) қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар беру;
14) жер учаскелері туралы анықтамалар беру;
15) жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;
16) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;
17) кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;
18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;
19) кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсаттар беру;
20) тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелер жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешімдеріне анықтамалар беру;
21) қайтыс болуы туралы анықтамалар беру;
22) лизингке техника сатып алу үшін анықтамалар беру;




