Түнғатарова Күләй
Күләй Түнғатарова 1919 жылы Әулиеата уезіндегі Қызылшаруа ауылында (қазіргі Шу ауданының аумағы) кедей шаруаның отбасында туған. Ұлты қазақ.
1941 жылы «Белбасар» колхозына мүше болып кірді, ал 1950-1959 жылдары
«Ынталы» колхозының, кейін іріленген Сталин атындағы колхоздың (Новотроицк совхозы ) төрағасы болып істеді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиуымы жоғарғы бағалап, 1948 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен Күләй Түнғатароваға Социалистік Еңбек Ері атағын берді.




