Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Жалғасы

Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Сондықтан мына бағыттарда мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек.

 

 

Бірінші. Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.

 

 

Орталықта нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.

 

 

Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс.

 

 

Екінші. Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек.

 

 

Үшінші. Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату керек. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуге тиіс. Бұл ретте тек ӘКК қызметтеріне арналған жер телімдеріне ғана артықшылық беріледі.

 

 

Үкімет жүргізген тексерістер Астананың және облыс орталықтарының маңайындағы жер телімдері алдын ала жасанды фирмалар мен жеке тұлғалардың есебіне сатылып кеткендігін анықтады. Енді, міне, кейбір адамдар, олардың ішінде көпшілігі шенеуніктер, бұл жерлерді нарықтық бағамен сатып, ешқандай шығын шығармай-ақ мемлекеттің есебінен баюда.

 

 

Оларға бұл жерлерді мемлекетке өз еріктерімен қайтару жөнінде ұсыныс жасау қажет немесе құқық қорғау органдары бұл іс-әрекеттердің заңдылығын және ондай адамдардың жауапкершілігін анықтауға міндетті.

 

 

Егер "Нұр Отан” партиясы және оның Парламенттегі фракциясы бұл мәселені өз бақылауына алса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

Тұтастай алғанда, "Нұр Отанның” бастауыш ұйымдары және филиалдары, жергілікті мәслихаттардың депутаттары аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы факторына айналуы қажет. Олар жоғарыда айтылған кешенді шараларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, атап көрсетілген міндеттерді айрықша бақылауға алулары керек.

 

 

Құрметті Парламент депутаттары!

 

Ханымдар мен мырзалар!

 

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды.

 

 

АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастырудың негізі болған, Қазақстанның бастамасымен немесе тікелей қатысуымен құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өздерінің қажеттігін іс жүзінде дәлелдеді.

 

 

Біз Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс-қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет.

 

 

Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында біз, сонымен қатар, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және НАТО-мен сындарлы өзара іс-қимылды кеңейте береміз.

 

 

Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. Біз осы ұйымның мүшелеріне, әсіресе, біздің кандидатурамызды ұжымдық негізде ұсынған ТМД мемлекеттерінің басшыларына алғыс сезімімізді білдіреміз.

 

 

Осыған байланысты "Еуропаға жол” аттыарнайы бағдарлама әзірлеу қажет. Ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тәжірибесі мен технологиясын тартуға, заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын және өзіміздің күн тәртібімізді белгілеуге ықпал етуге тиіс.

 

Тұтастай алғанда, біздің сыртқы саясаттағы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарымыз өзгеріссіз қала береді.

 

 

Бірінші. Біздің сыртқы саясатымыз негізгі мүдделер ортақтығын іздестіруге, барлық, тіпті ең бір өткір мәселелердің өзінде де мәмілеге қол жеткізу қажеттігін түсінуге құрылған.

 

 

Екінші. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндегі ұстанымын жан-жақты нығайта беруге ниетті.

 

 

Үшінші. Біз Қазақстан армиясын жаңғыртуды және оның жауынгерлік дайындығын жетілдіруді жалғастырамыз.

 

 

Өткен жылдар ішінде еліміздің Қарулы Күштері өзінің әскери және техникалық сапасын елеулі түрде арттырды.

 

 

Қауіпсіздіктің бүгінгі заманғы қатерлеріне тойтарыс беруге қабілетті Қарулы Күштердің кәсіби, әскери және басқару корпусын құру қажет.

 

 

Тұтастай алғанда, еліміздің Қарулы Күштерінің алдында жаңа Әскери доктринаға сәйкес өзінің жауынгерлік дайындығын және бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру міндеті тұр. Үкімет пен мемлекет, бүтіндей алғанда, біздің Қарулы Күштерімізге барынша қолдау көрсетуге тиіс.

 

 

* * *

 

 

Алдағы жылдары жаһандық маңызы бар бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізу қажеттігін ерекше атап көрсеткім келеді.

 

 

Әңгіме 2009 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі, 2010 жылыөтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, 2009 жылдан басталатын ЕҚЫҰ-ның басқарушы үштігінің жұмысы және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері туралы болып отыр.

 

Қазірдің өзінде осы мәселелерге байланысты ұйымдастырушылық жағынан да, сол сияқты мазмұны тұрғысынан да байсалды әзірлік жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің ғана емес, барша мемлекеттік басқару органдарының міндеті.

 

 

Қымбатты отандастар!

 

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

 

 

Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін.

 

 

Айтайын дегенім осы еді, ағайын!

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2026  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 100

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0