Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Жалғасы

Егер бұл адамдар ақшаның елдің ішінде жұмыс істеуі үшін оны Қазақстанға қайтарғысы келсе, рақымшылық жасаудың тетігі мұндай мүмкіндікті де қарастыруы керек.

 

 

Көптеген адамдар өздерінің жылжымайтын меншігін, компанияларын жасырады. Бұл активтер айналыстан шығып қалды, оларды жаратуға болмайды. Барлық меншікті заңдастыру азаматтарға және елге тиімді.

 

 

Заңдастырылған активтер иелерін қандай да бір қудалаулардан қорғауға кепілдік беретін қарапайым әрі тиімді тетік әзірленуі қажет. Біз бір рақымшылық жасауды жүргіздік. Мұндай оң тәжірибе бізде қазірдің өзінде бар. Ендігі жерде бұл тетік ұғынықты болу керек және әрбір қазақстандыққа, әлемдік қоғамдастыққа жеткізілуге тиіс.

 

 

Бұл ретте капиталдарға рақымшылық жасаудан кейін заңды айналымнан бұдан бұрын шығарылған капиталдарды іздестіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетінін бәрі де түсінуі керек. Бұл жұмыс халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесе жүргізілетін болады. Сонда берілген мүмкіндікті пайдаланбаған адамдар өкпелемеуге тиіс.

 

 

Биылғы алғашқы жарты жылда Үкімет осы күрделі мәселенің әралуан қырлары ескерілетін нақты тетіктерді көздейтін тиісті заң жобасын әзірлеп, Парламентке талқылауға енгізуі керек.

 

 

Президент Әкімшілігі және Үкімет аталған шараның мақсатын, тетіктері мен маңызын түсіндіру жөнінде кешенді шаралар әзірлеп, жүргізетін болсын.

 

 

 

7. Жетінші басымдық: Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру

 

 

Сыртқы саясаттағы біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз қала береді. Қазақстан әрқашан да жауапты және сенімді халықаралық серіктес болып қалады.

 

 

 

7.1. Біздің елдеріміз арасындағы ауқымды интеграциялық үдерістер негізінде Ресеймен стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту

 

 

Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр.

 

 

Ресейлік бағыт – Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы.

 

 

Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы үнқатысу жолымен және өзара мүдделерді ескеру арқылы шешілмейтін проблемалар жоқ. Бұл саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелерге де қатысты.

 

 

Бүгін басты мәселелер ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен өңірлік ықпалдастықты дамыту саласында жатыр. Мұнда қауіпсіздікті нығайту мәселелері маңызды орын алады. Аталған салалардың бәрінде де Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары ұқсас әрі жақын.

 

 

 

7.2. ҚХР-мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту

 

 

Біз экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасымен екіжақты шарттарды іске асыруды жалғастыра береміз. Қазақстан осы серпінді дамып келе жатқан елмен өзара тиімді байланыстар орнатудан басқа балама жоқ  екенін негізге алады. Экономикалық ынтымақтастық халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үнқатысумен бекемделуге тиіс.

 

 

Біз сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде, сондай-ақ екіжақты нақты бастамалар мен уағдаластықтар негізінде көші-қон және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі саясатты үйлестіру ниетіндеміз.

 

 

 

7.3. АҚШ-пен өзара қарым-қатынастардың жоғары деңгейін нығайту

 

 

Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық өзгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың кең ауқымымен сипатталады.

 

 

Ендігі жерде экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, америкалық инвестицияларды тарту және Қазақстанда озық технологиялар енгізу үшін қолайлы жағдай туғызу күн тәртібінде тұр.

 

 

 

7.4. Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту

 

 

Қазақстан ЕО-мен ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

 

 

ЕҚЫҰ-мен осы заман проблемалары мен қыр көрсетулерін шешу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адамның негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты нығайту орынды болмақ.

 

 

 

7.5. Көршілес Орта Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

 

 

Біздің өңірде ықпалдастық қарқынын төмендетпеудің маңызы зор. Біз мәдениетіміз бен тарихымыздың ортақтығы жақындастырып отырған көршілес Орта Азия мемлекеттерімен жан-жақты байланыстарымызды дамыта беруге тиіспіз. Біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымыздың келешегі зор.

 

 

Біздің күш-жігеріміз бұларды одан әрі дамыта беруге бағытталуы керек.

 

 

 

7.6. Мұсылман әлемі елдерімен біздің қатынастарымызды дамыту

 

 

Біз үшін мұсылман әлемі елдерімен халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасулар құрылымдарына белсене қатысу мейлінше табиғи нәрсе. Біз сондай-ақ ислам және Араб Шығысы елдерінің көпшілігімен өзара тиімді және өзара байытатын екіжақты қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз.

 

 

Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр. Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.

 

 

Міне, нақ сондықтан да мен қазірдің өзінде мұндай тәжірибе жинақтаған Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысу орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаруға әзір екенін тағы да қуаттағым келеді.

 

 

Біз сияқты өркениеттердің үнқатысуы аталып жүрген үдерісті кеңейту және тереңдетуге мүдделі болып отырған мұсылман әлемінің бірқатар елдерімен бірлесе отырып, біз  осы заманғы дүние құрылысының көкейкесті проблемалары бойынша Шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті жақындастыруға бағытталған бірқатар халықаралық бастамалар жасай алар едік деген ойдамын.

 

 

 

Қымбатты отандастар! 

 

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! 

 

Ханымдар мен мырзалар!

 

 

Маған аса жоғары қолдау көрсетіп, өздеріңіздің және Отанымыздың тағдырын сеніп тапсырғандарыңыздан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Біз сіздермен көп жағдайда ниеттес болдық, бір-бірімізге күмәнмен қарамадық. Менің уәделерім де ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер.

 

 

Мен бүгін сіздердің назарларыңызға өзіміз алдағы уақытта шешетін міндеттерді белгілеп, Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қоғамдастығынан орын алуына мүмкіндік беретін Стратегияны ұсындым.

 

 

Береке-бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ. Біз мұны туған Отанымыздың гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегіміз бен ауызбірлігіміз арқылы дәлелдедік.

 

 

Мен сіздерге сенемін. Әрқашанда сіздердің түсіністіктеріңіз бен қолдауларыңызға үміт артамын. Алдағы уақытта да жаңа әрі ауқымды осы бастамаларды қолдайтындарыңызға нық сенемін.

 

 

Баршаларыңызға табыс тілеймін.

 

 

Рахмет.

 

 

 

Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2026  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 100

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0