Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Қонаев ауылы

«Тарихы терең,

Өмірі өлең,

Қымбатсың маған,

Туған ауылым!»

 

Жүнісбек ТОҚЫМБЕКОВ,

ауыл әкімі

 

 

Шу қаласы, Бірлікүстем, Төле би, Бірлік, Көктөбе ауылдарымен қанаттасып жатқан Қонаев ауылы құт дарыған қасиетті аймақ десек, асыра айтқандық емес. Қай кезде де жақсы қырынан көрінген, елі елдігін нығайтқан, жеріне қуат-береке орнаған киелі мекен. Табиғаты әсем, адамдары да көп ұлтты, еңбекқорлығымен ерекшеленеді.    

Ауылдың  негізі Жібек Жолымен байланысты. Қазіргі МТМ, стадион, парк, әкімдік үйі орналасқан жерде бұрындары  Жетісу мен Арқаға белгілі ірі көтерме сауда орталығы орналасқан.  Әлі де мұнда ескі   шыңырау құдықтардың орны бар. Жергілікті тұрғындар Дулат-Ботбайлары болған. 19-ғасырда патшалық Ресей Ұлы жүз тайпаларын өзіне қосып алған соң, Жетісу губерниясы Пішпек уезіне қарасты болған. 

Ауылдың атауы ежелден Кемер атанған. Бұл Шу өзенінің ернеуін білдіреді. Ресей отарлау саясатымен  Шу өзені бойынан 7-пошта трактына бекеттер салдырған.    

Біздің ауыл  4-і бекет саналған. Төртінші аталуының мәнісі осында 19-ғасырдың аяғында Орталық Ресейден жер аударылғандар пошталық трактының бекеттеріне қоныстана бастайды. Олар: Георгиевка, Успеновка, Благовещенка, Вознесеновка, Еңбекші, Көктерек, Гуляевка деп аталған.

Қазіргі Қонаев ауылы мен Бірлікүстем ауылының арасы ежелден Шеңгелді ой деп аталатын. Сол жерден Дулаттың Қонақбай болысы Қонақбай тоғанын қаздырып, жергілікті жұртты диханшылыққа баулыды. Орны осы күнге дейін бар.

Кейіннен, орыс қоныстанушылары тоғанды жалғастырып, қазіргі ауылдың аймағымен Шу өзенін жағалатып, Вознесеновка тоғанын қаздырды. Совет үкіметі орнағаннан кейін  жалғастырылған Сиқым тоғаны, қазіргі Бірлік ауылы және Көктөбе ауылын суландыруды қамтамасыз етті.

Осы Қонақбай-Вознесеновка тоғаны бүгінге дейін халық игілігіне қызмет етуде.

Совет үкіметі тұсында ауыл Ворошиловка селосы болып аталды.

Мұнда Ленин және «Красная весна» колхоздары құрылды. Біздің селомыз Алматы облысы, Шоқпар аудан орталығы саналды.

Ауылда негізінен орыс ұлты басым болған. Колхоздар ұйымдастыру кезеңінде Жайсан тауларын мекендеген қазақтар да қоныстана бастайды.

1928-1932 жылдары зұлмат ашаршылықтың кесірінен Шу өзенінің төменгі бойындағы қазақтар  осы ауылға көшіп келеді.

Сондай-ақ, 1938 жылы Қиыр Шығыстан кәріс ұлтының өкілдері жер аударылды.  Олар қазіргі  Шатырқұл, Кызылсай өзендерін бөгеп, ауылдың солтүстік жағын суландырып, күріш өсірумен айналысты.

Ауыл каналы 1940 жылы қолмен қазылып, едәуір аймақты суландырды.

Ол жерлерге күріш, мақта, қылша, жүгері, бау бақша дақылдары өсірілді.

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына біздің ауылдың азаматтары аянбай, жанкештілікпен қатысып, 300-дейі елге оралмады. Олардың есімдерін мәңгілік есте сақтау үшін ауыл орталығындағы саяжайда ескерткіш орналатылып, есімдері гранит тасқа қашалып жазылды.

1944 жылы Кавказ тауларынан түрік, азірбайжан, шешен, қарашай, ингуш халықтары жер аударылып, қоныстандырылды.

Қазіргі уақытта бұлардың үрім-бұтақтары да жергілікті тұрғын саналады. Олардың қатарында өнегелі отбасылар да көп. Мәселен, Мавлюдов Закария ақсақалдың 16 баласы, 136 немересі, 100 шөбересі бар.

1952 жылдары Ленин және «Красная весна» колхоздары іріленіп, Ленин колхозы, Ворошилов ауылы кейінен Ленин ауылы болып өзгертілді. Экономикалық өрлеу де осы жылдары басталды.

1905 жылы ашылған бастауыш мектеп, 1938 жылы орта мектеп болып, қос қабатты ғимарат салынады. Ал, 1965 жылы мектепке спорт залы қосылды. 1985 жылы казіргі жаңа мектеп ауылдың төл тұрғыны, кезінде Қазақ ССР Су шаруашылығы министрі болған Гончаровтың ықпалымен салынды.

Алғашқы мәдениет ошағын - Оңтүстік геология экспедициясы тұрғызды. Кейіннен СПТУ-109 училищесі оны өз құзырына алған. МТМ, монша, балабақша, аурухана, клуб, автогараж, диірмен іске қосылды. Қазіргі мешіт – бұрынғы орталық дүкен болатын.

1975 жылы Тасөткел магистралды каналы пайдалануға берілуіне байланысты Ленин колхозы Ленин совхозы болып өзгертілді Сол кезде суармалы егіс алқабы 5200 гектарға дейін жетті.

Ауылда қант қылшасы 1500 гектарға, бидай – 8000 гектарға дейін көбейтілді.

Мал басы 30000 қой, сиыр – 2000, жылқы – 400, шошқа 1000 басқа жетті. 100 трактор, 100 автомашина, 50 комбайн және басқа да техника түрлері болды.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғанда «Кемер» ауылы аталып жүрді де, ауылға 2001 жылы халқымыздың бір туар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі беріліп, рәсімделді.

1997 жылы жабылып қалған ауыл кітапханасы  2000-жылы «Мәдениетті қолдау» жылында қайтадан ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. 2007 жылы маусым айында ауыл клубы қайта ашылды.  

     Ауыл   әкімшілік   ғимараты   1986    жылы 15 кырқүйекте соғылып, бүгінгі күнге дейін ауыл азаматтарына қызмет көрсетіп келеді. Ауыл әкімінің аппараты, сондай-ақ кітапхана, клуб және пошта бөлімшесі осы ғимаратта жұмыс істейді.

 

Елі мен жерін кие тұтқан қазақтардың қай өлкесі де қасиетті, әр жердің тарихы өзінше тартымды. Тарихты жасайтын - халық.

«Жер болса ел болады,

Ел болса ер болады», - дейді дана халқымыз.

Егемендігімізді нығайта беруге біздің ауыл азаматтары да ерен еңбегімен өз үлестерін қосуда.

Колхоздастыру ісіне Есім, Смайл, Шата аталарымыз, Лымарев, Мирошниченко, Толстов және  тағы басқалары белсене атсалысты.

Ауылдық  кеңес басшылары болып Н.Молдабеков, А.Досжанов, Х.Қасымбеков, М.Жақсығұлов, М.Рысмендиев, Ш.Малдыбаев, Б.Нұрғалиев,  К.Ахметжанова, Б.Адаев, А.Есіркенов, ауыл әкімдері М.Жадраев,  Қ.Буданбеков, Ж.Тоқымбеков қызмет атқарды.

Шаруашылық басшылары қатарынан Е. Жұмағулов, Э. Лихтенберг, Ш. Мұрадов, Ж. Тоқымбековты атауға болады.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген Социалистік Еңбек Ері И.В.Алешин, Ленин орденді Қ.Қалқанбаев, А.Әбішев, С.Оңласынов тағы да көптеген ата-апаларымыздың, аға-әкпелеріміздің игі дәстүрін жалғастырушы іні-қарындастарымыз, ұл-қыздарымыз қазіргі уақытта егеменді Қазақстанның болашағы баянды бола беруіне күш-қайрат танытуда.

Елбасымыздың басты қағидасы алдымен экономика саясатын қолдап, осы мақсатта ауыл еңбеккерлері ауыл шарушылығын жандандыруға күш салуда.

Бұлардың алдыңғы қатарында «Нұр-2000» ЖШС-і  (басшысы Ж. Оспанов),

«Аққұдық» ЖШС-і (басшысы М. Садыров),  «Жамал ай», «Алижан» шаруа қожалықтары іскерлік пен ілкімділік көрсетуде. Ауылымыздың ырысты ынтымағы, берекелі бірлігі бұдан әрі де нығая беретініне сенімдіміз.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2026  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 100

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0