Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Жалғасы

Бұл күндері Шу қаласындағы 780 орынды жаңа мектеп құрылысы аяқталып келеді. Республикалық бюджет есебінен Б.Момышұлы, М.Дулати, Жамбыл атындағы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының биология сыныбы және Төле би атындағы мектептерді оқу әдістемелік материалдарымен, оргтехникамен қамтамасыз етуге және мультимедиялық кабинеттерді жарақтандыруға қаржы бөлінуде. Жалпы білім беретін біртұтас қорға жергілікті бюджеттен 22,0 млн. теңге қарастырылды.

Өткен жылы 10200 оқушы ыстық тағаммен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа демеушілік көмекте тартылды. Бастауыш сыныптардағы 6638  оқушының 3416 оқушысына 11,5 млн. теңгенің (әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына) тиісті көмек көрсетілді. 1367 оқушы ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

Жаздық демалыстың әртүріне 12700 оқушы тартылып, бұл мақсатқа 2 млн. 504,0 теңге жұмсалды. «Балапан» бағдарламасы аясында алты мектеп жанынан шағын орталық  ашылып, бұған 175 бала, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі мекемелерде қосымша топтар құрылып 100 бала тартылды. Мектептер жанындағы ашылған шағын орталықтарға ағымдағы жөндеу жүргізу үшін  және жиһаздар мен құрал-жабдықтар алуға 40,2 млн. теңге қарастырылды.

Әрдайым инвесторларды іздестіру мен кәсіпкерлермен тығыз байланыс жасау, аудандағы демеушілік көмекті жандандыру жұмыстары да өз жемісін бере бастады. Мәселен, «Қант зауыты» мөлтек ауданында коммуналдық меншікке «Бұлбұл» балабақшасы тегін берілді. Қазір мұнда 140,0 млн. теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Төле би ауылында коммуналдық меншікке «Раушан» балабақшасы өткізіліп, жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Денсаулық сақтау мәселесі де Елбасының басты назарынан түскен емес. Президентіміздің өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында  да жан-жақты айтылды. Сондықтан мемлекетіміз адам денсаулығын сақтау мақсатында тұрақты қамқорлық жасап келеді. Денсаулық сақтау жүйесін облыстық бюджет есебінен қаржыландыру үшін 2010 жылдың он бір айында 620 млн. 823,0 мың  теңге игерілді. Ал, республикалық бюджеттен 538 млн. 060,0 мың теңге бөлінді.

 "100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Төле би ауылында 150 төсектік орталық аурухана құрылысы салынуда. Оның сметалық құны 3 млрд. 740 млн. 996,0 мың теңге.

Өткен жылы Көктөбе, Жаңа жол, Алға ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Ал Бірлікүстем ауылында 97 млн. 292 мың теңгеге дәрігерлік амбулаторияның құрылысы салынуда.  Облыстық бюджет есебінен аудандық орталық емхана  мен Шоқпар ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеулерден өткізілді. "Жол картасы” бағдарламасы бойынша қалалық ауруханаға 79,2 млн. теңгенің, аудандық туберкулезге қарсы ауруханаға 49,3 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құрметті жерлестер!

Адам өмірінің тұрмыстық сұранысы қайда тұрудан басталса, әлеуметтік сұранысы қайда жұмыс істеймін, қайда емделемін деуден бастау алады. Мәселен, 2010 жылғы 11 айда 2651 адам жұмыспен қамтылды. Олардың 392-сі жаңа жұмыс орындарына, 455-і босаған қызмет орындарына, 1547 -сі науқандық және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Тұрғындарды жұмысқа тарту жөніндегі әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында 1939 жаңа жұмыс орны құрылды.

2010 жылғы 1 желтоқсанға аудандағы кедейшілік шегінен төмен 390 отбасыға, немесе, 1799 адамға (1,9 пайыз), әлеуметтік көмекті қажет ететін 594 адамға жыл басынан бері 28 млн. 642,8 мың теңге мөлшерінде қаржы берілді. 18 жасқа дейін балалары бар отбасыларға 75 млн. 681,1 мың теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға 2816,0 мың теңге бөлінді.

"Дипломмен-ауылға” бағдарламасына сәйкес ауылға жұмысқа тұрған әлеуметтік салалардың мамандарын бір мәрте қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 44 маманға 98910 теңгеден төленді. Бұл жас мамандардың 26-ы білім беру, 15-і денсаулық сақтау, ал 3-і мәдениет пен спорт саласында қызмет етеді. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 25 ауылдық маманға 22 млн. 298,0 мың теңге несие бөлінді. Бұл мамандардың 15-і білім беру, 1-уі спорт, 9-ы  денсаулық сақтау саласында еңбек етеді.

Аудандық әкімдіктің "Дарынды, немесе, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген жастардың жоғары және арнайы орта білім алуына әлеуметтік (материалдық) көмек көрсету туралы” 2010 жылғы 22 маусымдағы Қаулысына сәйкес өткен жылы үш жас маманға тиісті көмек көрсетілді.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Әр адам өзінің үмітімен және арманымен өмір сүреді. Өкінішке орай, бұған қарсы келетін жайлар да бар. Ол қатыгездік пен қылмыскерлік. Сондықтан қылмыс жасаушылармен қарсы күресу - біздің ортақ міндетіміз. 2010 жылдың он бір айында тіркелген қылмыс саны бұрнағы жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 8,9 пайызға өскен. Соның ішінде ауыр қылмыс жасау 2009 жылға қарағанда 20 пайызға көбейген. Қылмыстарды ашу деңгейі 6,3 пайызға төмендеген. 2009 жылмен салыстырғанда қылмыс жасау 3,2 пайызға өсіп, оны ашу мәселесі 18,9 пайызға төмендеген. Сондықтан құқық қорғау органдарының алдында үлкен міндеттер тұр. Қылмыскерге қарсы күрес жүргізуді күнделікті әрі тұрақты іске айналдыру аса қажет.

Құрметті аудан тұрғындары!

Аудан өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде едәуір шараларды жүзеге асырсақ та, әлі де түйіні шешілмеген мәселелер аз емес. Өткен жылғы есеп беру жиынына тоқталатын болсақ, аудан тұрғындары тарапынан 91 мәселе көтерілген болатын. Оның 76-на жиын барысында нақты жауап берілді. 15 мәселе бақылауға алынып, оның 12-і өз шешімін тапты. Қалған үш мәселенің орындалу мерзімі келесі жылға қалдырылды.

Мен мемлекеттік органдардың басшыларына, ауылдық округтердің әкімдеріне мынадай міндеттерді тағы да жеткізгім келеді. Әрбір мемлекеттік қызметкер әр адамның құқы мен мүддесін қорғай білу тиіс. Бұл ешқашан бұзылмайтын адами ереже. Жасырары жоқ, талап-тілек білдірген адамдарға түсініспеушілікпен қарау фактілері орын алуда. Осының салдарынан жергілікті жерлерде шешіле салатын кейбір мәселелер асқынып жатады. Адам тағдырына атүсті қарайтын шенеуніктерден алдағы уақытта арылуға батыл қадам жасалады. Қара басының ғана қамын ойлайтын қызметкер-басшыларды қатарымызда қалдырмаудың жолдарын кеңінен қарастыратын күн де алыс емес.

Ең  бастысы, жемқорлықпен қарсы заңдылықты сақтау мен мемлекеттік қызметкерлердің Ар-Намыс Кодексін орындау жолында көптеген игілікті істерді атқаруға тура келеді. Есепті мерзімде қаржы полициясы 41 қылмысты іс қозғады. Оның 12-і жемқорлық сипатта, 6-ы экономикалық ереже бұзушылық. Сонымен қатар, 2010 жылы аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша 9 мемлекеттік қызметкер қызметтен босатылды, немесе, тәртіптік негізде жазаланды. Қысқасы, бұл салада да орын алған олқылықтар мен жіберілген кемшіліктер бар екенін ешбір жасыруға болмайды.

Құрметті әріптестер!

Өткенді саралай келіп, бүгінгі және ертеңгі міндеттеріміз жерлестеріміздің әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын одан әрі нығайта беру болып табылады. Осы мақсатта аянбай еңбек етуге міндеттіміз!

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0