Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Жалғасы

Құрметті жерлестер!

Өздеріңізге белгілі, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы жақсы нәтиже берді. Өткен жылы 1 млрд. 140,7 млн. теңгеге 20 нысанды жөндеуден өткізу жоспарланып, республикалық бюджеттен 678,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 462,4 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында аудан аумағындағы бірнеше бағыттағы жолдар мен білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізілді.

Сондай-ақ, Шу қаласының кәріз жүйелері республикалық бюджеттен бөлінген 284,8 млн. теңгеге жөнделді. Ал, «Қосқұдық» тұрғын үй аймағының 2-ші кезектегі су құбырлары жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 2010 жылға бөлінген 50,0 млн. теңге игеріліп, бүгінде бұл жұмыстар жалғастырылуда. 

Аудан әкімі қызметіне кіріскелі бері ағымдағы жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Ауыз су» МКК кәсіпорнының сумен қамтамасыз етуде көптеген кемшіліктерге жол бергендігіне көз жеткіздім. Мекеменің жаңа басшылығы қаржы жинауға бақылауды күшейтіп, шығындарды азайту туралы нақты бағдарлама жасайды деп ойлаймын. Өйткені, біз «Ауыз су» бағдарламасын жалғастыра береміз және сумен қамтамасыз ету нысандар саны көбейеді. Сондықтан жұмысты дұрыс жолға қоюымыз керек.  

Өткен жылы Белбасар ауылының су құбырлары жүйесінің құрылысына 15,3 млн. теңге игерілді. Ал, Жаңа жол ауылының су құбырлары жүйесінің құрылысы 21,3 млн. теңгеге жүргізіліп, нысан пайдалануға қабылданды.

Облыстық бюджеттен Ақсу ауылының су жүйелерін қайта жаңғыртуға он бір айда 37,8 млн.теңге, Алға ауылының су құбырлары жүйесінің құрылысына 32,4 млн. теңге, Бәйдібек ауылының су құбырлары жүйесіне жоспарланған 39,1 млн. теңге толық игеріліп, қазіргі кезде аталған жұмыстар жалғасын табуда.

Үстіміздегі жылы Алға, Бәйдібек, Ақсу ауылдарындағы су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау үшін, Жаңа жол ауылындағы су құбырларының ІІ-кезегін қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 576 млн. 250 мың теңге бөлінді. Сондықтан "Ауыз су” МКК мекемесінің алдында аса жауапты күрделі жұмыстар тұр.

2011 жыл Жамбыл облысы әкімінің нұсқауымен жол жылы деп жарияланды. Бұл мәселе жөнінде бізге тиісті тапсырмалар да берілді. 

Өткен жылы «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға облыстық бюджет есебінен 100,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 78,8 млн. теңге бөлініп,   Шу қаласы мен елді мекендердің жолдары мен көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Қонаев-Бірлікүстем жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 158,1 млн., Абай, Қонаев, Бірлікүстем ауылдарының автожолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 97,8 млн. және Төле би ауылындағы жаңа салынып жатқан ауруханаға дейінгі жол құрылысына 22,2 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді, ауданішілік жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 120 млн. теңге бөлінді.

Жол жөндеуге барлығы 398,1 млн. теңге қарастырылды. Соңғы 20 жылдың ішінде ауданымызға мұншама қомақты қаржы бөлінбеген болатын.

Тұрғындар көп шоғырланған Шу қаласындағы жолдарға да жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Бұл мәселелерді шешумен қатар, инженерлік коммуникациялық құрылымдарды да іске қосу бүгінгі күннің өткір мәселесі. Әрине, бұл мәселелердің шеңбері өте кең. Сондықтан оларды жүзеге асыру келешекте кезең-кезеңімен атқарылады.

Қаладағы тағы бір басты мәселе: подвалдар, аулалар, сатылы баспалдақтар, қоқыстар. Жергілікті әкімшілік тарапына айтылып жүрген сындарлы сындар да жеткілікті. Дегенмен, бұл келеңсіз жайларға тұрғындардың да жауапкершілікпен қарауы қажет. Қала әкімінің аппараты бұл бағытта жүйелі түрде нақты жұмыс жүргізіп, тазалыққа қатаң бақылау қойылуы тиіс.

«Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 27,9 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Шу қаласы мен ауылдық, селолық округтерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын шығаруға 41,4 га жер бөлініп,  орналастыру жобасы дайындалды.

Аудан аумағында орналасқан полигондардың құжаттарын заң талаптарына сәйкестендіруге аудандық бюджеттен 5,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Нормативтік құжаттары заңдастырылып, экологиялық сараптамадан өткізілді. Полигондардың актілері алынып, облыстық табиғатты қорғау және пайдалану басқармасы арқылы облыс әкімінің шешімін алуға тапсырылды.

Қоқыс алаңдарын жасау құрылысына  бюджеттен биылғы жылға 83,091 млн. теңге, ал 2012 жылы  83,091 млн. теңге бөлінуіне қол жеткіздік.

Елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 30,2 млн. теңге қаржы жұмсалды.

2010 жылы ауданымыздың - 80, Шу қаласының - 50 жылдық мерейтойлары қарсаңында Бірлік, Алға, Далақайнар, Төле би  ауылдарындағы ескерткіштер қайта жаңартылды. Шу қаласындағы «Жеңіс саябағы» қоршалып, Кеңес Одағының Батыры С. Естемесовтың ескерткіші, қаланың кіреберісіне «Түрксіб» кешені қойылды.

Сонымен қатар, «Теміржолшылар саябағы» қоршалып, айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Төле би ауылында жаңадан «Жастар аллеясы» пайдалануға беріліп, Балуан Шолақ ескерткіші бой көтерді. Шу қаласы мен Төле би ауылының кіреберіс күре жолдарының үстіне қақпалар орнатылып, Төле би ауылындағы С.Хасенов атындағы стадион пайдалануға берілді.  Алдағы уақытта аталған стадион базасында балалар-жасөспірімдердің спорт мектебін ашу көзделіп отыр.

Әлеуметтік саланың қырлары көп.Солардың біріне қашанда баса назар аударылады. Ол - білім беру саласы. Өткен жылы білім беруді жетілдіруде, материалдық- техникалық базаны нығайтуда, балабақшалар мен шағын орталықтар ашуда бірқатар игі шаралар жасалынды. Жыл сайын мұндай мақсатқа қомақты қаржы бөлінеді. Өйткені, жас жеткіншектерге сапалы білім алуы үшін қажетті көмек пен қамқорлық жасалуы тиіс.

Жергілікті бюджеттен бес мектептің ағымдағы жөндеу ісіне 8 млн. 902,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Мектептердің шатырларында өртке қарсы шаралар жүргізуге және өртке қарсы қондырғыларды орнатуға 19 млн.765,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Өткен жылы білім беру саласының объектілеріне ағымдағы жөндеуден (шифер, бояу сатып алу) өткізуге 7,1 млн. теңге жұмсалды. Бұл қаржы 100 пайыз игерілді. Аудан мектептеріндегі қазандықтарды жылу маусымына дайындау үшін қазандықтарды жөндеуге 15,0 млн. теңге бөлінді.

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0