Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Өзекті мәселе

Өзекті мәселе

Ит атқыштар, қайдасыңдар?...

 

  Мерейтойларымыздың қарсаңында бұл мәселені  көтеріп, байбалам  салып отырғанымыз бір жағынан ыңғайсыз да болар, бірақ қолға қалам алмасқа лажымыз қалмады. Халқымызды «Ауруды жасырсаң, өлім әшкерелейді» деген нақыл бар, дәл қазіргі таңда сол күйді бастан кешін отырмыз. Неге? Өйткені кез-келген көшеге шығып байқаңызшы, сол көшелерде адамнан гөрі қаңғып, бет-бетімен бос жүрген иттерді көп көресіз. Ол «жарықтықтар» тағы тегін жүрмейді ғой, күтпеген сәтте арс ете иқалып, балағыңыздан ала түседі, ал егер құласаңыз бітті, талап тастайды. Мен қазір түнді былай қойып, күндіздің өзінде өзім күнделікті жүретін Рысқұлов, Дөненбаев көшелерімен жүруге  жүрексінемін. Қайда қарасаңыз да өріп жүрген, сабалақ –сабалақ, үлкенді-кішілі қаңғыбас иттер және жалғыз-жарым емес, үйір-үйір болып жүреді. Кәдімгі бір «Иттер патшалығында» өмір сүріп  жүргендей күй кешеміз. «Ит – жеті қазынаның бірі» дейміз, рас шығар. Бірақ әр нәрсенің өз жөні бар емес пе?

    Ит атқыштар, қайдасыңдар?.. Осылай деп жар салмасқа лажымыз қалмай қалды. Өйткені мерейтойларымыз де келіп жетті. Бұл тойға еліміздің түкпір – түкпірінен сан түрлі қонақтар келетіні тағы шындық. Сонда аяқтарына оралғы болып, қаңғып жүрген сансыз иттерді көріп, олар не дейді? Басқа елдімекендер бар болсын, ең болмаса аудан орталығы мен Шу қаласын иттерден аластайықшы. Тиісті орындар тиісті көліктерін алып, мылтықтарын сайлап, ең болмаса бір-ені күн осы іспен айналысса, жетіп жатыр, тек ынта болсын.

 «Сырт көз-сыншыл» келетінін ұмытпайық, ағайын!...

 

Қарсыбек Көпжасаров.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0