Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Өткен күнде белгі бар

Өткен  күнде белгі  бар

Соғыс жылдарындағы ауыр жағдайларды бастан өткердім. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылығына дейін көтерілдім. Жастар тәрбиесімен қатар аудан көлеміндегі шаруашылық жұмыстарына араластым. Алпысыншы жылдары Жамбыл атындағы колхоздың мектеп бітірушілері «Кербұлақ» комсомол-жастар шопандар бригадасын құрды. Даңқы Одақ көлеміне жайылды. Сонымен қатар осы ауыл өнерпаздары облысымызда алғашқы  болып «Халық театрының» шаңырағын көтерді. Ауданда  басқа да игілікті  істер жүзеге асты.

1962 жылдың ақпан айында Қазақстан комсомолының Х-съезіне қатыстым. Осы съезде басқалармен бірге Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы - Қазақстан Магниткасы атанған Теміртаудағы металлургия комбинатының делегаты Н.Ә.Назарбаевтың  сөз сөйлегені есімде. Әрине, біз ол кезде 22 жасар делегаттың болашақта Егеменді Қазақстанның алғашқы Президенті болатанын білгеміз жоқ.

Осы жылдары ауданымызда егіншарушылығы мен малшаруашылығы қатар дамып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жетті. 1966 жылдары аға шопандар Дәуітов Әбдірахман, Юсупова Мәртай, 1967 жылы механизатор Досжанов Заманбек, 1971 жылы диханшы Трашинский Николай Сергеевич Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болды. 1960 жылдан 1972 жылға дейін ауданымызды Жақаң, Жапар Түйебеков басқарды. Ол ерен еңбегі үшін партияның XXIV съезіне делегат болып қатысып, Ленин орденімен оралған еді.

Жақаңның басшы кезінде тұрғын үйлер мен мәдени-ағарту ғимараттары, асфальт жол салу құрылыстары кең қанат жайды. Шу өзеніне жаңа көпір салынды.

1981 жылы ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетіне төраға болып сайландым. Ауданның барлық ауылшаруашылығы жұмыстарына араластым. Ол кезде өзіңнің негізгі қызметіңнен басқа жауапты науқандарда «аудан өкілі» міндетін де атқаратынбыз. Көбінесе сол кезде шаруашылықтарды аудандық  комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі Қожахан Жабағиевпен, аудандық «Шу өңірі» газетінің редакторы Рахметілдә Құдабаевпен, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Шопен Молдақалықовпен бірге аралаған жайлар есте қалды.

Ауданды Халил Сағымбекұлы Бейсеев басқарған жылдары аудан орталығының бейнесі ерекше  құлпырды.Орталық сая бақта «Даңқ» аллеясы бой көтерді.Соғыстан оралмағандарға құлпытас, шулық Кеңес Одағының Батырлары мен Еңбек Ерлерінің мүсіндері орнатылды.

Шу өңірі негізінен ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Оның дамуына темір жол транспорты да үлкен үлес қосуда. Жүріп өткен жолымыздың жарқын екендігін айта отырып, шоқтығы биік шулықтармен мерейіміз үстем екендігін мақтан етеміз.

 

 

Әбжапар ЖАҚЫБАЕВ,

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0