Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Теміржолшылар қаласы - Түрксібтің бел баласы

Теміржолшылар қаласы - Түрксібтің бел баласы

 

ҚАЛАМЫЗДЫҢ ДАМУЫ – КӨЗ АЛДЫМЫЗДА

 

Бақытжан ТҰРҒЫНБАЕВ,

 қала әкімі

 

 

Түрксібтің белбаласы болып табылатын Шу стансасы, кейін теміржолшылар қаласына айналған қаланың өзіне тән даңқты тарихы бар. Бұл елді мекеннің тұрғындары ондаған жылдар бойы еліміздің экономикасының дамуына, тұрмысының жақсаруына өз үлестерін қоса білді. Шулықтардың Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері де ел есінде. Көп боздақтар майдан даласында қалды, ал тірі оралғандары өздерінің қажырлы еңбектерімен ел мерейін өсірді, ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, ұрпағының қамын жеді.

Бүгінде Шу қаласы адам танымастай өзгерді, қалада көпсалалы түрлі кәсіпорындар бой көтерді, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары дамыды, мүлтіксіз жұмыс істейтін инфрақұрылым пайда болды. Қаламыз керемет қарқынмен даму жолына түсті, жаңа ықшам аудандар ашылып, көпқабатты үйлердің қатары көбейді. Әрине, қиындықтар кездеспей қалған жоқ, ауыртпалықтар болды, бірақ шулықтар соның бәрін өздерінің төзімділігімен, қажырлы еңбегімен жеңе білді. Олардың есімдері қаламыздың төл тарихына алтын әріптермен жазылып қала бермек.

Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардағы қиындықтар ел есінен кете қойған жоқ. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі өтпелі кезеңде шулықтар тағы да ұйымшылдық таныта білді. Рас, заман ағымына ілесе алмаған кейбір кәсіпорындар жабылып қалды, кейбірі тарады. Бірақ уақыт өз дегенін істейді, олардың орнына жаңадан ЖШС-тер, жеке кәсіпкерлер келіп, халыққа қызмет ете бастады.

Қаламызда «Жасыл ел», «Таза су», «Жол картасы», тағы да басқа мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар ойдағындай іске асып келеді. Мысалы, «Жол картасы» бағдарламасы аясында қаладағы түрлі нысандарды жөндеуге үстіміздегі жылы 872 млн. 853 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы жұмыссыз жүрген 436 адамды  жұмысқа орналастыруға жұмсалды. Осы бағдарлама аясында көшелеріміз ретке келтірілді, жолдар жөнделді,  жылу жүйелері, Мәдениет үйі, білім беру, денсаулық сақтау саласы, тағы да басқа нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұнымен қатар, ауданымыздың-  80 және Шу қаласының 50 жылдық мерейтойларын лайықты атап өту шаралары да өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Аудан басшылығының жанды қолдауының арқасында қаламыз мүлде жаңа кейіпке енді. Қала көркіне айналған билбордтар, аялдамалар, көшелер мен саябақтар тазаланып, сырланып, әктеліп, көздің жауын алатындай күйге енді. Бізді қатты қуантатыны, аудан әкімі Қ.К.Жабағиевтің бастамасымен қаланың шығыс бөлігінде теміржолшылардың символы іспетті ПАРОВОЗДЫҢ қойылуы болды, «Жеңіс» саябағы мүлде жаңа кейіпке енді, ондағы Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтың ескерткіші оның сәніне сән қосты.

Қалалықтар осындай қолдаулары үшін аудан басшылығына шынайы алғыс сезімдерін жеткізе отырып, алдағы уақытта да қол жеткізген жетістіктерді баянды ете беретіндіктеріне сендірді.

Есік қағып тұрған екі бірдей төл мерекелеріміз құтты болсын, ағайын!

 

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0