Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰРАҚТЫЛЫҚ  КЕПІЛІ

Бірлігіміз  жарасқан

 

Владимир Лыткин,

«Қазақстан орыс қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы.

 

 Қазақстандағы орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің  облыстық филиалы 2003 жылғы желтоқсан  айында дүниеге келген. Филиалдың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті –орыс халқының  салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін насихаттау, өркен жаюына ықпал жасау, олардың аудан мен қаламыздың қоғамдық –саяси, мәдени өміріне етене араласуына ықпал жасау болып табылады.

Филиалдың бүгінгі таңда жүргізіп жатқан жұмысы көпқырлы әрі сан-салалы. Бұл, әсіресе, Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер болып тіркелген Н.Ә.Назарбаевты саяси арнада қолдау кезінде айқын көрініс тапты. Бұл саяси шара науқанында Президенттікке үміткерді қолдаған 18 мыңнан аса қол жиналды, үгіт бригадасы құрылып, штаб жұмыс істеді. Митингілер мен саяси акциялар, концерттер ұйымдастырылды. Сайлау қорытындысында осы іске белсене атсалысқан жандар аудан  әкімінің Алғыс хатымен, ал филиал төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған  грамотамен марапатталды.

 Сондай-ақ қаржының тапшылығынан өз жұмысын ұзақ мерзімге тоқтатқан Шу қаласындағы шіркеудің құрылыс жұмысының қайта жандануына әрі пайдалануға берілуіне филиал аз еңбек сіңірген жоқ. Тағы да қауымдастықтың  қолдауымен әрі қаржылай қамтамасыз етуінің   арқасында жұмыс жанданып жүре берді. Бұл іске түрлі мекеме, ұйым басшылары, жеке кәсіпкерлер тартылды, демеушілер  де табылды, аудан мен қала басшылары  да өз қолдарын созды. Іс жанданып жүре берді.

 «Орыс қауымдастығының» басшысы Ю.З.Бунаковтың ұйытқы болуымен «Россия» телеарнасы «Менің алтын ошағым - Қазақстан» атты фильм түсіріп, ол телеарнадан көрсетілді. Онда қаламыз бен шіркеудің құрылысы айқын көрініс тауып, көпшіліктің көңіліне шуақ құйды. Ауданымыздың  бұрынғы әкімі Б.Қ.Рысмендиев, «Сауда Сервис»ЖШС-ң бас директоры А.С.Қойшыбеков, Т.Бекназаров, А.А.Ақбосынов, Н.Д.Щербак, В.Ожегов, Н.Матышев, В.Терентьев, М.В.Намазқұлов, К.А.Байжанов, Пономаренко, В.Акишин және тағы басқалары қамқорлық қолдарын соза білді. Мәскеу басшылығымен достық байланыс түзеліп, соның нәтижесінде шіркеуге керекті діни қажеттіліктерді алуға мүмкіндік туды. Орыс ұлттық мәдени орталығының күшімен көптеген қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары ғана емес, Тараз қаласынан «Караван» ансамблі,Қордай ауданынан «Отечество» ұлттық мәдени орталығы тартылды. Сөйтіп 2007 жылы шіркеудің көптен күткен ашылу рәсімі де мәреге жетті.

 Ресей Федерациясының білім беру жүйесімен достық байланыс орната отырып, филиал осы елдің жоғары оқу орындарына талапкерлерді жіберіп, оқыту мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның, «Жібек Жолы» лицейінің, Абай атындағы, Макаренко атындағы мектептердің, №40 орта мектебінің түлектері Волгоград, Уфа, Қазан, Архангельскі, Киров, Омск, Иркутск, Тюмень, Мәскеу қалаларының жоғары оқу орындарында оқу құрметіне ие болды. Оқушылардың жазғы демалыстарында Алматы, Омск сауықтыру лагерлерінде демалуға мүмкіндіктері бар, сондай-ақ Ресейдің «Алтын сақина»  бағытымен Санкт-Петербург қалаларына туристік жолдамамен сапарға шыға алады.

Ардагерлерде ерекше қамқорлыққа алынған. Олардың еліміздегі «Қарғалы», «Ақ ниет» шипажайларында  демалып, денсаулығын жақсартуына мүмкіндіктері бар.

Филиалдың мәдени саладағы байланысы да көп қырлы. Мысалы,  Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Юлия Кратюк Мәскеуде  өткен «Орыс әні» халықаралық  байқауында лауреат атанса, Наталья  Каратуха Астанада өткен «Ресей менің жүрегімде» атты фестивалде  жүлдегер атанды.

Филиалдың материалдық базасы да адам қызығарлықтай: онда автобус, компьютерлік техникалар, бейне, аудио аппаратуралар, көркемөнерпаздар мүшелері киетін киімдер талапқа сай ұсынылады. Қала әкімдігінің ғимаратында тематикалық кабинет әсем безендірілген.

Филиалдың жұмысын Алматы қаласындағы «Қазақстан орыс қауымдастығы» үйлестіріп, бағыт-бағдар беріп отырады. Орыс ұлттық мәдени орталығы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімімен, ауданымыздағы өзге де ұлт орталықтарымен тығыз байланыста. Бұл байланысымыз алдағы кезде де жалғасын таба береді.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0