Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

ТӘТТІГЕ АЙНАЛҒАН АЩЫ ТЕР

ТӘТТІГЕ АЙНАЛҒАН

АЩЫ ТЕР

 

Мен он жасқа толған кезімде отбасымыз айыр қалпақты қырғыз елінен Шу ауданының Көктөбе ауылына қоныс аударды. Ес біліп, етек-жеңімді жинап, ат жалын тартып мінгеннен кейін, колхоз жұмысына араластым. Ол кезде жалындаған жас кезім, жұмысты «мынау ауыр, мынау жеңіл» демей, тапсырған істі бар ынта-ықыласыммен атқаруға тырысатын едім. Ауылдағы басшылар да, бірге істейтін үлкендер де менің ісіме дән риза. Соғыс бітіп, ел есін жаңа-жаңа жинай бастаған.Жұмыс ауыр, көбіне қолмен атқарамыз. Сөйтіп жүріп механизатор мамандығын да меңгеріп алдым. Ол кезде техника тілін білген адам, жарты әлемнің кілтін ұстағанмен тең.

Шаруашылықтың негізгі бағыты қызылша дақылын өсіру болғандықтан, техниканың көпшілігі осы дақылды күтіп-баптауға ыңғайластырылатын. Мен де көптің бірі болып, тиісті жұмысымды тиянақты атқарып жүрдім. Сол жылдары аудан шаруашылықтарының барлығы қызылша дақылын өсірумен айналысты. Күзгі жиын-терін кезінде диқандарымыз маңдай терімен өндірілген тәтті түбірді едәуір алшақ орналасқан қант зауыттарына тасып, өткізетінбіз. Бұл техниканың жетіспейтін кезінде көп күшпен атқарылатын. Кейін Шу қаласының іргесінен қант зауыты салынып, тасымал жұмысы көп жеңілдеді. 1963 жылы мен осы зауытқа жұмысшы болып орналастым. Алғашқы жылдары жаңа орынға үйрене алмай, қоңылтақсып жүрдім. Әсте-әсте жұмысқа да төселе бастадық. Тапсырылған жұмысты дер кезінде орындап, басшылардың мақтау сөздерін де жиі еститін болдым. Зауыт аумағында атқарылатын жұмыстарға бел шеше араласып, тынымсыз еңбек етуімнің арқасында мереке сайын сый-сияпаттан да құр қалмаймын. 1971 жылы омырауға «Құрмет белгісі» ордені тағылды. Мен бұған тоқмейілсіген жоқпын, қайта қарқынымды бұрынғыдан да еселеп, жұмыстан бас алмайтын болдым. Орденді механизатор бола тұрып, қатардан қалуды намыс көретін едім. Содан 1974 жылы Үкімет пен партия менің қарапайым еңбегімді жоғары бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Бұл награда да мені қанаттандырып, жігерлендіре түсті.

Жүрек қалауымызбен отандасқан жарым Әния да жұмыс десе қол қусырып отырмайтын жан болып шықты. Екеуміз тіккен отаудың керегесі кеңіп, шаңырағымыз биіктеген сайын балапан-балаларымыз ұямыздың ішін шаттық  күйіне толтыра түсті. Әния өмірге он бала әкеліп, Батыр ана атанды.

Зауыттағы жұмыс та қызу жүріп жатты. Жыл өткен сайын менің де тәжірибем жинақтала түсті. 1981 жылы омырауыма Ленин орденін тақтым. Сөйтіп, қант зауыты басыма қонған бақтың тұғырына айналды. Кейін бұл зауытта менің балаларым да еңбек етіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Иә, біз әулетімізбен көпшіліктің тіршілік тынысына айналған зауыттың қазанын қайнатып, маңдайымыздан сорғалаған ащы терді жұртшылыққа тәтті қант етіп, үлестіріп жүргендей едік сонда.

Бүгінде зейнеткермін. Балаларым аяқтанып, үйлі-баранды болған. Өзімді бақытты жанмын деп есептеймін.

«Сабақты ине сәтімен» дегендей аудандағы барлық  тұрғыластарымды, ауылдастарымды ауданымыздың мәртебелі 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Жібекбай САПАҚОВ,

зейнеткер, Шу қаласы.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0