Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

САҢЛАҚ СПОРТШЫЛАР

САҢЛАҚ  СПОРТШЫЛАР

Мен өзім спорт саласында 45 жылдан аса еңбек етіп, Шу ауданының спортын көтеруге бар күш-жігерімді салып, тер төккенім үшін де маған спорт етене жақын. Сол себептен де Шу жерінен түлеп ұшқан спорт саңлақтарын ерекше атап өткім келіп отыр.

Кезінде бокстан Қазақстанның құрама командасының бас жаттықтырушысы болған Кеңестер Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.А.Цхайды Шу жерінің түлегі ретінде қалай мақтап, мақтансақ та жарасады. Өзі жаттығып, жаттығу өткізген жері Шу қаласынан боксқа арнап  спорт ғимаратын  салдырып берді. Қазір сол ғимараттың базасында бокстан спорт мектебі ашылып, мыңға жуық балалар  жаттығу жұмысын өткізіп жатыр. Спорт мектебінің басшылық қызметі тәжірибелі маман, Ю.А.Цхайдың шәкірті Қаршығабеков Құрмашқа жүктелген. Аз уақыттың ішінде спорт мектебі тамаша табыстарға қол жеткізіп, жемісті еңбек етіп келеді. Сондай-ақ еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғожаев Мырзатайды ерекше атап өтуге болады.

Қазіргі кезде Шу қаласы  мен Шу ауданында 2 спорт мектебі бар. Біздің аудан үшін бұл өте аз, оның үстіне екі спорт мектебі де Шу қаласындағы «Локомотив» спорт кешеніне орналасқан. Әрқайсысында мыңнан аса оқушысы бар 5 мектеп орналасқан аудан орталығында спорт мектебінің болмауы өкінішті.

Біздің Шу жерінің түлектерінен де мықты спортшылар шығып, олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде, Азия ойындарында қазақтың Гимнін шырқатып, көк байрағын көкке желбірететініне сеніміміз мол.

Қонаев ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебі оқушыларының арасынан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары шығып, Жамбыл облысы мен Шу ауданының абыройын асқақтатты. Атап айтқанда, М.В.Лыршиков халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның самбо күресінен бірнеше дүркін чемпионы, Тегеран қаласында өткен полиция қызметкерлерінің дүниежүзілік біріншілігінің күміс жүлдегері. Осы мектептің түлектері Қазақстанның чемпиондары Аскеров Малик, Жапаров Ануар, Көксалов Қайрат және Ильченко Евгенийді мақтан етеміз.

 

 

Жамбыл АБЛАСАНОВ,

Жамбыл облысының Құрметті спорт  ардагері.

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қараша 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0