Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Мақалалар

АЛҒЫСТАН  БАСҚА 

АЙТАРЫМ ЖОҚ

Шу ауданының құрылғанына биыл 80 жыл толса, мен де 80 жастың белесіне шықтым. Түйдей құрдас екенбіз. Осындайда әр нәрсе ойға оралады. Мәселен, күрд ұлтының тағдыр тәлкегіне түскендігін талай жиындарда айтып келемін. Сонда да таусылатын түрі жоқ. Бүгін де осы жайлы тебіреніп жүрмін.

Ол кезде мен жеті жасар бала едім. Біздерді Әзірбайжанның Нахичеван ауылынан еріксіз жер аударды. Бұл саяси қуғын-сүргіннің оты лаулап тұрған 1937 жыл болатын. Қолына қару алған әскери адамдар бала-шағаны да, басқаны да жүк таситын  вагондарға тиеді. Ол кезде қайда баратынымыз, қай жерге тоқтайтынымыз белгісіз еді. Суық вагонмен суық күндері бір айдай жол жүрдік. Жол-жөнекей қарттарымыздың алды қазаға ұшырады. Ауру-сырқауға ұшырағандары қаншама?!

Біз Шу ауданына табан тіредік. Аш-жалаңаш тұрақтағанымыз болмаса, биліктің қыспағынан құтыла қойған жоқпыз. Тіпті еркін жүріп-тұруға да тиым салынды. Осындай бөлектеуге қарамастан құшағы кең, мейрімі мол қазақ халқы біздерге ыстық ықылас танытты. Жағдайлары айтарлықтай керемет болмаса да бір үзім нанын бөлісті. Кейін сыйласа келіп, құда, жекжат болып кеттік.

Менің Шу өңірінде тұрып жатқаныма жетпіс үш жыл толды.  Құдайға шүкір, ел қатарлы ғұмыр кешудемін. Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырып, немере, шөбере көрдім. Бұдан артық қандай бақыт болады?! Жоғары білімді ұстаз болғандықтан Төле би ауылындағы әл-Фараби атындағы орта мектепке ширек ғасырға жуық басшы болып, құрметті еңбек демалысына шықтым. Өзім басқарған мектепте күрд ұлтының ұл-қыздары ана тілінде дәріс алуына қамқорлық жасалды. Еселі еңбегімнің арқасында бірнеше жыл бойы аудандық партия комитеті бюросының мүшесі болып сайландым. «Қазақ КСР-ның халық ағарту ісінің үздігі»  атандым. Айта берсем, басқа да атақтарым жетіп жатыр.

Дәм-тұз тартып, Қазақстан менің екінші Отаныма айналды. Бар көрген қызығым мен қуанышымды Қазақстан елінен таптым. Сондықтан пейілі кең, ниеті ақ қазақ халқына басымды иіп, мың алғыс айтамын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – ұлттар ынтымақтастығының лабораториясы» - деген аталы сөзінен әрқашан әкелік қамқорлық сезінеміз. Біз басқа да ұлт өкілдерімен бейбітшілікте, бауырмашылдықта өмір сүріп отырғанымызға өзімізді бақыттымыз деп бағалаймыз.

 

Ибрагим ӘЛИЕВ,

Шу ауданының Құрметті азаматы,

Төле би ауылы.



Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0