Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Әлеуметтік сала

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАР КӨКЖИЕГІ

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында аудан бойынша төрт аурухана халыққа қызмет көрсетеді. Олар: орталық аудандық, қалалық, туберкулезге қарсы және тері ауруларына қарсы ауруханалар. Бұлардағы жатып емделетін төсек саны – 370.

Сондай-ақ науқас жандар аудандық және қалалық емханалардың қызметтерін пайдалануда. Ауылдық елдімекендерде дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер тұрақты жұмыс істеуде.

Аудандағы дәрігерлер саны – 143. Оның 19-ы жоғары категориялы, 39-ы бірінші категориялы.

Орта буын медицина қызметкерлері – 602. Оның 112-і жоғары, 179-ы бірінші және екінші категориялы.






Білім беру

Шу аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектеп саны 2010-2011 оқу жылында – 48. Оның 4-і бастауыш, 5-уі орталау, ал 39-ы орта мектеп.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны – 16952. Оның 101-і бастауыш, 383-і орталау, 16468-і орта мектепте оқиды.

Жалпы білім беретін мекемелердегі мұғалімдер саны – 2040.

Мектеп жасына дейінгі мекемелер саны – 13. Осы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер – 1260.

Мектептен тыс мекемелер саны – 5. Оның ішінде саз мектебі – 2, өнер мектебі – 1, балалар мен жасөспірімдер орталығы – 1, «Жерұйық» орталығы – 1. Бұл мекемелердегі оқушылар саны – 2057. Оның 451-і саз мектебінде, 399-ы өнер мектебінде, 650-і балалар мен жасөспірімдер орталығында. 557-і  «Жерұйық» орталығында дәріс алады.






Әлеуметтік қамқорлық

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандағы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын құзырлы мекемелердің бірі. Бөлімнің негізгі қызметі жұмыссыз азаматтарды жұмыссыз ретінде тізімге алып, тұрақты жұмыспен, уақытша және маусымдық жұмыспен, ақылы қоғамдық жұмыспен, жаңа жұмыс орындарымен қамту, тіркеуде тұрған азаматтарды кәсіби даярлықтан өткізу, тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына жәрдемақы, тұрғын үй коммуналдық жәрдемақысын тағайындап төлеу, мүгедектер мен ардагерлерге көмек көрсету болып табылады.

Ел экономикасының өсуіне және ауданда жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына, оның ішінде құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне байланысты жұмыссыз азаматтардың саны жылдан-жылға азайып келеді. Мысалы, 2000 жылы 1981, 2001 жылы – 986 болса, 2009 жылы – 115, 2010 жылдың басында – 60 адам болды.

2009 жылдан бастап «Жол картасы» бағдарламасы іске асырыла бастады. Сол жылы ауданымызда 17 нысан жөнделіп, 538 адам жұмыспен қамтылды. Ал, 2010 жылы 20 нысан жөнделіп, 725 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орны мен жастар практикасына 2009 жылы 295 адамға 26400,0 мың теңге, 2010 жылы 383 адамға 45900,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына да әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке 28793,0 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 7516,0 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалы отбасына берілетін жәрдемақыға 75700,0 мың теңге қаралып, төленуде.





Мәдени қызмет

Шу ауданының мәдениет саласы бойынша 48 мәдени ошақтары халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет үйлері мен клубтар саны – 21. Оның 1-і аудандық, 1-і қалалық, 4-і ауылдық мәдениет үйлері болса, 15-і ауылдық клубтар.

Кітапханалар саны – 27. Оның 1-уі аудандық, 3-уі қалалық, 1-уі балалрға арналған, 22-сі ауылдық кітапханалар. Кітаптар қоры 223265 дана.

Аудандық мәдениет үйінде «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі мен «Шу» халықтық театры жұмыс істейді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болғандар: Әбдімомын Желдібаев, Аяз Бетбаев, Әуесхан Келгенбаев.

ҚР-ның «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталғандар: Алмабек Өскентаев, Базарбай Асқаров, Күлімхан Оңтаева, Бақыт Исаева.

Күрд ұлттық-мәдени орталығында Үсен Әлиевтің ұйымдастыруымен «Стерк» фольклорлық ансамблі құрылған. Олар 1989 жылы Мәскеуде өткен «Венок мира» халықаралық фестивальға қатысып,  халық ансамблі  атағына ие болды.


 

 


Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0