Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Достық біздің көркіміз

Достық біздің көркіміз

 

Тараверды Мырзаев,

әзірбайжан ұлттық мәдени орталығының төрағасы. 

 Ауданымыздың ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқы алдымызда келе жатқан ауданымыздың – 80 және Шу қаласының – 50 жылдық мерейтойларын тағатсыздана күтуде. Бұл айтулы мерекелерге дайындық, с ерте көктемнен-ақ басталған еді. Ауданымыздың барлық жергілікті тұрғындары бұл іске бір кісідей жұмыла кірісті. Жерлестеріміз туған өлкеміздің қанатын кеңге жайып, гүлденуіне зор үлес қосты. Бұл істен ұлттық мәдени орталықтарының өкілдері де тыс қалмады. Мысалы, 2006 жылы дүниеге келген әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы  өз қатарын ауданымызда тұратын осы ұлттың өкілдерімен толтыра отырып, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысып келеді. Біздің орталықтың атқарып жатқан істері ауданымыздан тыс жерлерге де мәлім болып отыр. Мысалы, Жаңа жол ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте құрылған «Арзу» музыкалық тобы облыстық көркем өнерпаздар конкурсында жеңімпаз атанды. Мұндай жоғары бағаны облыстық әзірбайжан ұлттық орталығының слетінде де берді. Мұның бәрі аға буын өкілдерінің көрсеткен өнегесі. Біздің еңбек сүйгіш халқымыз тағдырдың жазуымен бауырмал қазақ жеріне қоныстанып, бірге туған бауырдай болып кетті. Олар жергілікті ұлттармен бірге ортақ атамекеніміз Қазақстанның одан әрі гүлденуіне бар күш жігерін жұмсауда. Мысалы, тек Жаңа жол ауылынан ғана 8 әзірбайжан өкілі Социалистік Еңбек Ері атанды. Достығы жарасқан бұл ауылды Ильдыр Гулиев, Шаби Алиев, Савалам Мырзаев секілді басшылар басқарды. Ауданымыздың дамуына шаруа қожалығының басшысы Мирфаяз Асланов, Шу қалалық аумақтық емханасының бас дәрігері марқұм Миргасым Баширов, қала әкімі болған, ал бүгінде Тараз қаласында жауапты қызмет істейтін Низами Мамедов және басқа шулық әзірбайжандар үлес қосты.

Біз қазақ халқының біздер секілді халыққа достық қолын соза білгендігін еш уақытта жадымыздан шығармаймыз. Біздің басымыздан бір түйір нанды бөліп жеген ауыр кезеңдер де өтті. Оны да ұмытуға біздің еш хақымыз жоқ. Біз мұны өз ұрпақтарымызға да ақыл-кеңес, аманат ретінде үнемі айтып отырамыз. Біз өз республикамызда тұратын өзге ұлт өкілдерімен де тату-тәтті тұрып жатырмыз.

Өткенді ұмытуға ешкімнің де хақысы жоқ, ол жолдар біздің әкелеріміздің, аталарымыздың жүріп өткен жолы. Сол жолды біз де жалғастыра береміз. Сол себепті, алдымызда келе жатқан мерейтойлар бәрімізге ортақ мереке. Достығымыз одан да әрі нығая берсін, қымбатты бауырларым!

 

 

 

 

Ынтымақ, бірлік жүректе танылады,

Шаттық жырын жырласа бар ұланы.

Өкілі отыз ұлттың тыныстаған,

Достықтың биіктей бер шаңырағы.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0