Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Білім саласы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 Қаулысы

 


 

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының бiлiм, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      2) «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      3) «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      4) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      5) «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      6) «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      7) «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      8) «Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдiк азаматтарды тiркеу» деген 1-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 27-жолдың 2-бағанында «мекемелерiне» деген сөз «ұйымдарына» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                К. Мәсімов


«Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi балалар ұйымдарынажолдама беру үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiнгi)балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты


«Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты




Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0