Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

аудандық арулар байқауы

«Шу  ауданының 80 жылдығы»,  «Шу қаласының 50 жылдығы»

«Шу ауданының аруы»  атты аудандық арулар  байқауының

Е Р Е Ж Е С І

 

 «Шу ауданының 80 жылдығы»,  «Шу қаласының 50 жылдығы» мерейтойлары қарсаңында Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шу аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен «Шу ауданының аруы»  атты аудандық арулар байқауын өткізеді.

 

Байқаудың мақсаты :

«Шу ауданының 80 жылдығы»,  «Шу қаласының 50 жылдығы» қарсаңындағы аудандық арулар  байқауының мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беруді кеңейту мен ұлттық салт-дәстүрімізді жандандыру, жастарды  ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеу, Шу ауданының мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне, жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашу. 

 

Байқаудың шарты:

Байқауға  қатысатын үміткерлердің жас мөлшері 16-23 жас аралығындағы  бойжеткен болуы  қажет.

Қатысушы  үміткердің  киім үлгісі, сөйлеу мәнері, сахна мәдениеті, іздену-тапқырлығы басты назарда болады.

Байқау 5 (бес) номинация бойынша өтеді.

1. Таныстыру (қарасөз, өлеңсөз, жыр, сазды  аспап қолдануға болады).

2. Өнер сайыс (би, ән, күй) дискеттерін, аспаптарын өздерімен алып келу.

3. Қолөнер сайысы (үй тапсырмасы, дайын бұйым алып келу керек. Бұйымның шығу тарихы, мақсаты мүддесі айтылып болған соң, әділқазыларға ұсынылады).

4. Сұрақ, жауап-тақырыбы «Ұлттық салт-дәстүр» рәсімдері, тойлары және т.б. (дайын параққа жазылған сұрақ ұсынылады).

5. Киім үлгісі.  (міндетті түрде ұлттық киім) Сән үлгісін сазды сүйемелдеу керек, қажетті музыканы өздерімен алып келу тиіс.

                                           

  Марапаттау:

1-орын, біреу - «Шу ауданының аруы» лентасы ілінеді, (тәж кигізіледі).

2-орын, біреу - «Шу ауданының сұлуы» лентасы ілінеді.

3-орын, біреу - «Шу ауданының инабаттысы» лентасы ілінеді.

    

Ынталандыру сыйлықтары :

-   Ұйымдастырушылар байқауды қорытындылап, жеңімпаздарының орындарын анықтап, тиісті жүлделермен марапаттайды.

Аудандық байқау  2010  жылғы қыркүйек айының  10  жұлдызында  сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде өткізіледі.

-   Үміткерлер байқауға қатысу үшін, жеке өтініштерін, жеке куәліктерін, аудандық мәдениет үйіне тамыздың 20-на дейін өткізу керек. Жеке өтініштеріңіз тіркелгеннен кейін байқаудың алдында қыркүйектің 6,7 күндері сағат 15.00-ден-19.00-дейін іріктеу өтеді. Іріктеуден өткен арулар байқауға жіберіледі.

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0