Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Аудан әкімі Қ.Жабағиевтің 2010 жылдың қорытынды есебі

Құрметті аудан тұрғындары!

Елбасының Жарлығымен бекітілген өңірлік әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беру тәжірибесі мемлекеттік басқару жүйесінің басты буыны болып табылады. Бұл тәжірибе көпшіліктің арасында қызығушылық тудырып, өзінің тиімділігін көрсетіп келеді.

Өткен жыл еліміз үшін халықаралық деңгейдегі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығымен, Республика Конституциясының 15 жылдығымен ерекшеленеді. Ауданымызда өткізілген барлық қоғамдық-саяси шаралар жоғарыда аталған атаулы күндермен байланыстырылып өткізілді.

Құрметті ауылдастар!

Өткен жылдың қорытындыларын сараптай отырып, қол жеткізген табыстарымыз оңайлықпен келмегендігін байқаймыз, үстіміздегі жыл да бізден жаңа ізденістер мен басымдықтарды талап етеді.  2010 жылдың  он бір айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 млрд. 504,9 млн. теңге, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 107,4 пайызды құрады. Шу тепловоз жөндеу зауытының «Қамқор локомотив» ЖШС-нің филиалы мемлекеттік тапсырыстың төмендеуіне қарамастан өндіріс көлемін өсірудің басқа жолдарын таба білді. Яғни, бұл кәсіпорынның өнімі аудан өнеркәсібінің 80 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылда жалпы сомасы 19 млрд. 487 млн. теңге болатын индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді жобаларды іс жүзіне асыруда алдымызда ауқымды істер тұр.

Есепті кезеңде ауданымыздың ауылшаруашылығы біршама жақсарды. Бұл салада жалпы өнім көлемі 2010 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 12 млрд. 490 млн. теңгені құрады. Бұл 2009 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 119,7 пайызға өскен.

Дәнді дақылдардан алынған жалпы түсім -48495, майлы дақылдардан -4386, көкөністен -97376, бақшадан -85698 , қант қызылшасынан -5648 тонна болды. 2011 жылдың өнімі үшін 20 мың гектар күздік бидай егілді. Бұл тапсырманың 100 пайызы. Мал қыстатуды сапалы өткізу мақсатында 63905 тонна мал азығы дайындалды. Мал шаруашылығының көрсеткіштері төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталады. Атап айтқанда, 14443 тонна тірідей салмақтағы ет, 33245 тонна сүт, 596 тонна жүн, 8955 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Үкіметтің Қаулысына сәйкес ауылшаруашылығын қолдау жөнінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне ішінара шығындарын өтеу үшін 103 млн. 212 мың теңге көлемінде субсидия бөлінді. Оның ішінде егін шаруашылығына 87 млн. теңге, мал шаруашылығына 16,2 млн. теңге қарастырылды.

Жыл басынан бері ауылшаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға «Шу несие серіктестігі» ЖШС-нен 16 млн. 745,0 мың теңге шағын несие бөлінді. Егін шаруашылығын жандандыру мақсатында жаңа технологияны таңдап, егістікті тамшылатып суғару жүйесін егістікке енгіздік. Ол үшін «AUK Ltd» (Украина) компаниясының өкілдері Н.К.Коржан мен М.Космаилованы тәжірибе алмасуға шақырдық. Бүгінгі таңға 112 млн. 055 мың теңгеге өндірістік-сметалық құжаттар дайындалды. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасымен үстіміздегі жылдың І-тоқсанында 32,5 млн. теңгеге ұзындығы 9,5 шақырым электр желісінің құрылысына тендер өткізілмек. Бұл жоба биылғы жылы жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Ауданымызда суармалы жердің көлемі көп екендігін ескеріп, жыл бойы су шаруашылығы көкейкесті мәселелері көтерілді. Қысқа мерзім ішінде 3 су бөгендері коммуналды меншіктің есебіне қабылданды. Оларға жөндеу жұмысын жүргізу үшін үстіміздегі жылы қаржы да бөлінді. Мысалы, «Ақсу» және «Шорго» су қоймаларындағы жұмыстар үшін 19,2 млн. теңге, ал «Бұланбай» су бөгені үшін 8,3 млн. теңге қаржы бөлінді.Суармалы жүйеге жүргізілген талдау 985 шақырым тоғанның 263 шақырымы түрлі қоқыстармен көмілгендігін көрсетті. Ал 171 шақырым лотоктар істен шыққан. Сондықтан шұғыл түрде 15 тоған мен 3 қашыртқы су жүйесін коммуналды меншікке алуға тура келді. 61 тоған егесіз нысан ретінде әділет басқармасында есепке қойылды. 2010 жылы 7 тоғанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 88 млн. теңге жұмсалды. Бұл 50,2 шақырым тоғанның  қалыпты түрде пайдалануға берілгендігін көрсетеді. 2011 жылы 3 бөген мен 4 тоғанды тазалап, ретке келтіру үшін 60 млн. теңге бөлініп отыр. «Тасөткел» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының қалыпты жұмыс істеуі үшін Төле би ауылынан ғимарат пен жер телімі бөлінді.  Ауылшаруашылығын өрістетудің негізгі жолы болып табылатын суғару жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі қарқынымызды еселей түсуді межелеп отырмыз. Егіншілік жөніндегі сөзімді аяқтай келе, биылғы жылы пайдаланылмай жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі тәжірибені жалғастыра бермекпіз. 2010 жылы сот арқылы 12600 гектар жер қайтарылған болатын.  Сондықтан шаруалардың бұл мәселе төңірегінде ойланғандары абзал. Жер телімдері бизнес жоспарлары тиімді жасалынған шаруашылықтарға конкурстық негізде ашық беріледі.

Мал шаруашылығы бойынша мал тұқымын асылдандыру мен сүтті қайта өңдеу жөніндегі шағын цехтарды құру қажет. Бұл ретте біз құралақан отырмыз. Сондықтан кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Аудан бойынша ветеринарлық қызмет жүйесін құру ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізудің мерзімін жеделдетуді қамтамасыз етеді. Өткен жылы барлық ауылдық округтерде мал өлекселерін тастайтын арнайы шұңқырлар дайындалып, «ДУК» жабдықтары алынды. Үстіміздегі жылы мал сою алаңдары мен биотермиялық шұңқырлар үшін сметалық жобалардың құжаттарын дайындауға 1,7 млн. теңге бөлінді, қаңғыбас иттерді жою үшін 800 мың теңге бөлінді. «ДУК» автокөлігін алу үшін облыстық бюджеттен 4,2 млн. теңге, ал биотермиялық шұңқырлар мен мал сою алаңдарының құрылысына республикалық бюджеттен 23,4 млн. теңге бөлінді.

Өкінішке орай, ауданымызда жылыжай шаруашылығы мен басқа да өндіріс орындарын дамытуға деген ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан ықылас танытылмай отыр. Мұның өзі агросалаларын жандандырудың қажеттілігі жөнінде ойландырады. «Жол картасы» бизнесі-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кәсіпкерлік бастамаларды дамытудың басты құралы деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда ауданымыздағы кәсіпкерлік саласы төмендегідей жағдайда. Аудан көлемінде 4 орта, 112 шағын кәсіпкерлік (заңды тұлғалар) нысандары  және 1796 кәсіпкерлер халыққа әлеуметтік тұрмыстық көмек көрсетеді. Желтоқсан айының басында осы салада өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 4 млрд. 114,8 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 891,4 млн. теңгеге артқан, немесе, 128 пайыз.

Сауда айналымының көлемі 2010 жылдың он бір айы ішінде 4 млрд. 114,8 млн. теңгені, нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 1 млрд. 072,2 млн. теңгені  құраса, жалпы аудан бойынша тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі 4 млрд. 869,6 млн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,6 пайызға немесе 303,6 млн. теңгеге артық орындалды.

 Жалпы біздің өңірде бизнес едәуір қарқынмен дамыды. Алайда, біз өнеркәсіптік қызметтерге емес, қызмет  көрсету саласына қарай бейімделдік. Бұл орайда, кәсіпкерлер мүддесін қорғап қана қоймай, «Атамекен» өкілдері аудан  экономикасының бизнес құрылымын дамытуда да белсенділік танытулары керек-ақ. Бұл салық салу базасының кіріс бөлігін жақсартуға едәуір септігін тигізеді. Енді бюджет саласы жөнінде бір-екі ауыз сөз:

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің 2010 жылдың он бір айындағы нақты түскені 2 млрд.115,1 млн. теңге. Оның ішінде жергілікті салық түсімінің (аудандық бюджеттің) нақты түсімі 1 млрд. 278 млн. 748,6 мың теңге, облыстық бюджетке түскені 674  млн. 968 мың теңге, республикалық бюджетке түскені 161 млн. 347,0 мың теңге.

Осы орайда, аудандық бюджетке түскен түсімнің 2009 жылдың жылдық қорытындысымен салыстырғанда екі есеге жуық өсіп отырғандығын атап өткен жөн.

Аудан бюджетінің игерілуі туралы айтатын болсақ, 2010 жылдың 1 желтоқсанына аудандық бюджетке кірістердің орындалуы 5525808,5 мың теңге болды, немесе, бюджет кірісі 101,6  пайыз орындалды.

2010 жыл басына бюджет қаражатының қалдықтары 231293,0 мың теңге.

Аудан  бюджетінің шығындары  5556303,2 мың теңгені құрады, немесе,  98,0 пайыз орындалды. Аудандық  қаржы бөлімі үстіміздегі жылы әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың қаржыларын игеру жөнінде қаржы тәртібін күшейтулері қажет.


Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0