Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

АТА ДӘСТҮРІМІЗГЕ АДАЛМЫЗ

АТА  ДӘСТҮРІМІЗГЕ  АДАЛМЫЗ

 

Өткен ғасырдың 30–40 жылдарындағы теміржолшылардың даңқты еңбек дәстүрі жалғасын табуда. Шу қаласының қалыптасуы мен дамуына, өсіп-өркендеуіне әртүрлі кезеңдерде Қ.Сәмбетов, А.Г.Бару, В.Г.Никитченко, В.Л.Бинус, Қ.Б.Бекбосынов А.Сәрсенбеков, О.Молдабаев, Н.М.Мамыров сынды басшы ағаларымыз үлкен үлестерін қосты. Мұнымен қоса көптеген талантты өндіріс ұйымдастырушылары мен мекеме басшылары, оның орынбасарлары дер кезінде өз істерін жүйелі жүргізді. Жас ұрпақ үшін үлгі-өнегеге айналған теміржолшылар: А.Ажмагамбетов, А.Досолянов, С.Табулдиев, Т.Мамырханов, А.Югай, М.Сардаров өздері таңдаған кәсіпке жан-тәнімен беріле еңбек етті. Өз ісінің хас шебері, майталмен теміржолшы маманға ғана берілетін ең жоғары атақ «Құрметті теміржолшы» белгісімен жүздеген азаматтар марапатталды.

Осы орайда, жерлесіміз, қазіргі Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев туралы айтып өткен орынды. Өмір жолын Шу локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастаған ол, поезд құрастырушысы, бригада жетекшісі сияқты қарапайым жұмыстардан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вице-президентіне дейінгі қызметтер баспалдағынан өтті. Бүгінде Кәрім Насбекұлы шулық теміржолшылардың мақтанышы.

Аға ұрпақтың даңқты жолдарын жалғастыруда, үлгілі істерін жетілдіруде қаламызда уақыт талабына сай елеулі тірліктер қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ауданымыздың экономикалық тұрғыдан дамуына Шу торабы теміржолшыларының қосып отырған еңбегі ересен. Бүгінде тасымалдың басым бөлігі өтетін, үш бағыттың түйіскен тұсына (Шу-Астана, Шу-Алматы, Шу-Тараз) орналасқан Шу стансасы Жамбыл тасымалдау бөлімшесінің кластан тыс ең ірі сұрыптау стансасы болып табылады. Мұнда 179 орталықтандырылған, 104 қол күшімен жұмыс істейтін стрелкалар бар. Жалпы ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды. Станция тәулігіне 54 жүк, 30 жолаушылар поездарып қабылдап, 55 жүк, 30 жолаушы поездарын жөнелтіп отырады. Заман талабына сай жаңа қондырғылармен жабдықталған автоматты орталықтандырылған пойыздарды сұрыптау дөңесі бар, 6 парк жұмыс істейді. Тәулігіне 1100 жолаушыға қызмет көрсететін 1989 жылы пайдалануға берілген темір жол бекеті еліміздегі көрікті ғимараттарының бірі болып есептелінеді. Жұмысшылардың денсаулығын күнделікті қадағалап отыратын емхана қызметі жан саулығын үнемі назарда ұстайды.

Елбасымыздың үстіміздегі жылғы Жолдауында жұмыс орнын сақтап қалу мен жұмысшы жастарды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінгені белгілі. Шу теміржолшылар қаласы болған соң жергілікті жастарды темір жол кәсібіне оқыту, үйрету бүгінгі күнннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұрындары қалада орналасқан кәсіптік білім беру мектебі мен бір колледжде теміржолшы мамандығы бойынша білім беретін бөлімдер болған болса, биыл қант зауыты ауданындағы бұрынғы автокөлік мекемесі ғимаратынан  теміржолға керекті барлық мамандықтар бойынша Шу теміржол колледжі ашылды. Мұның өзі жастарға жасалынып отырған үлкен қамқорлық.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2009 – 2011 жылдарға арналған ұжымдық шартқа сәйкес жұмысшыларға сауықтыру орындарында тегін емделіп қайтуларына барлық жағдайлар жасалынған. Жылына бір рет 20 000 теңгенің көлемінде тісін тегін емдетуге, сәбилі болған жағдайда 30 000 теңгенің, жанұясында қайғылы оқиға орын алған кезде 70 000 теңгенің мөлшерінде материалдық көмектер көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ, жылына бір рет Қазақстан мен ТМД елдерінің қалаған жерлеріне поезбен тегін барып қайту жеңілдіктері қарастырылған.   

Шу торабы арқылы күн сайын жоғары жылдамдықпен жүретін «Тальго» поезы өтеді. Бұл поездың жүріп-тұруына аса жоғары қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Оны әр станция, разьездерден күтіп алып немесе шығарып салу, ақаусыз жүруін қадағалау, жылдамдығын себепсіз бәсеңдетпеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл орайда Шу теміржолшыларының атқарып отырған жұмыстары ерен.

Шу қаласында 5600 адамды қамтыған 20 темір жол мекемесі жұмыс істейді. Қазақстандағы  ірі теміржол кәсіпорнының бірі - Шу локомотив пайдалану депосы, Шу тепловоз жөндеу зауыты, 50-ші Шу жол дистанциясы, 35-ші Шу сигнализация және байланыс дистанциясы, 22-ші Шу электрмен жабдықтау дистанциясы, Шу станциясы, сумен қамтамасыз ету дистанциясы, Шу машиналандырылған жол дистанциясы сынды басқа да ұжым азаматтыры кемел келешекті құру жолында теміржолшылардың еңбек дәстүріне беріктігін көрсетіп келеді. Темір жолды өзінің өмірімен байланыстырып, осы салада аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген азаматтар да жетерлік. Олардың қатарында мекеме басшылары, құрметті теміржолшылар Т.Халық, С.Балмұхамедов, О.Иманалинов,  Қ.Сүгірбаев, Қ.Сазаев, Н.Рамазанов,  сондай-ақ, М.Ақботаев, Қ.Молдабаев, К.Аязбаев, Ғ.Қамбаров, Ж.Табулдиев, А.Нүсіпқұлов сынды өз істеріне шын берілген азаматтарды айтуға болады.

Бүгінгі таңда теміржолшылардың алдында тұрған ең басты талап - поездардың  қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, жұмыс ырғағын бір сәтке де бәсеңдетпеу. Мұның астарында тынымсыз еңбек, қажымас қайрат, үлкен ізденіс, жоғары жауапкершілік жатқаны аян. Бұл - алдыңғы толқын, яғни, аталар дәстүрі. бұған біздің шулық теміржолшылар адалдықпен атсалысуда.

Алдымызда келе жатқан қос мереке бәрімізге ортақ. Ендеше, мерей тойларыңыз құтты болсын шулықтар!

 

Серік КАЛИКОВ,

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы Жамбыл жол бөлімшесі директорының Шу торабы бойынша орынбасары.

 

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0