Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Қариялар қамқорлыққа алынды

Қариялар қамқорлыққа  алынды

 

Ташкенбай Өтешов

Соғыс және Еңбек ардагері

Шу қаласының Құрметті ардагері

 

  Бұл күндері барлық тұрғындар қос бірдей айтулы мереке – Шу ауданының -80, Шу қаласының -50 жылдық мерейтойларын мерекелейтін болады. Ерте көктемнен бері атаулы күнге дайындық қызу қарқынмен жүргізілді. Менің огйымша, жергілікті тұрғындар арасында бұл мерекеге немқұрайды қарайтын адамды табу мүмкін емес.

  Аудан мен қаламыздың мерейтойы қарт кісілерге аса қымбат екендігін алдыңғы буын аға ұрпақтың өкілі ретінде берік сеніммен айт аламын. Өйткені, өңіріміздің тарихы солардың көз-алдында өркен жайды емес пе?

   Мен 1942 жылдан 1949 жылға дейін Қызыл Армияның қатарында  болдым. Соғыс кезінде барлаушы болып, Кеңес-Қытай шекарасын қорғауға қатыстым. Шу ауданында, нақтылап айтсам, Шу қаласында 1951 жылдан бері тұрамын. Қарап тұрсам жыжып 60 жылда өте шығыпты. Көптеген өзгерістерді көрдім. Бұрынғы КСРО тарап, тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың арасында Қазақстан бірінші болып, өзінің егемендігін жариялады. Еліміздің беріктігін нығайтуға атсалысып жүрген бүгінгі жастарымыз нағыз  бақытты кезеңде өмір сүруде. Бүгінгі қарттардың үлесіне тигені  Отанды жаудан қорғап, соғыстан кейін қол қусырып отырмай  қираған құрылысты қалпына келтіру болды.

   Бүгінгі ардагерлер, орта жастан асқан адамдар – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  дамуына негіз қалап үлес қосқан кешегі майталман еңбеккерлер. Олар бастарынан  қилы заманды аз өткерген жоқ. Сондықтан, елімізде  Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асырудағы ақсақалдардың үлесін ұмытылмай аталып өтілетіндігі   бізді аса қуантады. Өмірлік тәжірибесі мол дана қарттарымыз ел бірлігін сақтауда көрегендік  танытып, ұлтаралық  достықты  нығайту жолында жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп келеді. Реті келгенде мемлекет тарапынан қарттарға деген шексіз қамқорлықты айтқым келеді. Жыл сайын зейнетақы мөлшері өсіп, жергілікті жерлерде мүмкіндігіне қарай төлем мен жеңілдіктер арқылы қолдау көрсетілуде. Мысалға, өз ауданымыздың  басшылығын алайық. Аудан әкімі Қожахан Жабағиев өз міндетіне кіріскен күннен бастап, ақсақалдарға үлкен көңіл бөліп келеді. Бір жағынан ол түрлі мәселелерді оңтайлы шешу үшін қариялардың ақыл-кеңесіне көбірек жүгінеді. Мұның өзі ақсақалдарға деген риясыз көңілдің, көрсетілген құрметтің куәсі емес пе? Сондықтан біз ел тағдыры сенімді қолда  деп айта аламыз.

   Жерлестерімді Қазақстанның, ауданымыздың, қаламыздың нағыз патриоттары болуға шақырамын. Патриоттық жасқа байланысты түсінік. Әр кезеңде адам  патриотизмді әр қалай бағалайды. Алайда оның түп-төркіні өзің өніп-өскен жеріңе деген сүйіспеншілікте жатса керек. Біз Отанымыздың өркендеп – гүлденуі үшін талай еңбек етуіміз қажет.  

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0