Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Ардагерлердің жылы лебізі

Ардагерлердің  жылы лебізі

 

 

НЕШЕ  ЖЫЛДАР  ӨТСЕ  ДЕ КҮНІ  КЕШЕГІДЕЙ...

 

Галина АДАМЕНКО,

Социалистік Еңбек Ері.

 

Мен Шу ауданына 1949 жылы келдім. Бұл халықтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен кейін өздерінің барлық күш-қайратын бейбіт еңбекке жұмсап, қираған шаруашылықтарды қалпына келтіріп жатқан кезі болатын. Мен мұнда КСРО ауыл шаруашылығы министрі Бенедиктовтың бұйырығымен келдім. Жасым жиырма жетіде еді. Ол кезде МТС директорларын министрлік тағайындайтын. Соның бірі мен директоры болып келген «Новый путь» (қазіргі «Жаңа жол») колхозында орналасқан Шу МТС-і болатын. Мұнда 1958 жылға дейін, яғни РТС-тар құрылғанға дейін қызмет атқардым. Стансаны қайта жабдықтап, үш МТС-тың орнына Новотроицк ауылынан бір трактор жөндеу стансасы құрылған болатын.

Ол кезде аудандағы ауыл шаруашылығының негізін астық өндіру мен қызылша өсіру және мал шаруашылығы құрайтын. Әсіресе, қызылша өсіру ауданымызда жедел қарқынмен дамыды. РТС-ті екі жыл басқарғаннан кейін облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.Асқаров шақырып алып, тың совхозы «Далақайнарға» немесе «Новый путь» колхозына бастық болып баруымды ұсынды. Шыны керек, облыс жетекшісі менің қарсылығымыды тыңдамай, ұсынысын төтесінен қойды. Әділін айтсам, менің бұл қызметке аса зауқым жоқ еді. Сондықтан Жамбыл қаласынан келгеннен кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сейсенғалиевтің қабылдауында болып, ақыл-кеңесін сұрадым. Хатшы біраз ойланып тұрып: «Сенім білдірген жерге және өзіңді жіберген жерге барып жұмыс істе», - деді. Ақыры «Новый путь» колхозына баруды мақұл көрдім. Ол кезде бұл шаруашылықтың жағдайы өте төмен еді. Менің мамандарды қайта жасақтап, жұмысты басынан бастауыма тура келді. Сол кезде адал еңбек ететін, жұмыстың қара нары Трашинский еді, ол ақыры Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Жұмысты дұрыс жолға қоя білгендіктен колхозымыз шаруашылықтың барлық саласы бойынша алға басып, миллионер-колхоз атанды. Тіпті аудан көрсеткішінен түсімді екі есеге жуық артық өндірдік. Ал оған қол жеткізу аса оңай болған жоқ. Шаруашылықта арнайы мал жайылымы болған жоқ, егіс алқаптары Жайсан өңіріне орналасқан еді. Әлі есімде 1964 жылы қол жеткізген аса жоғары табыстарымыз үшін «Белбасар» колхозының төрағасы Әмірбеков екеумізді Мәскеу қаласына,  ауылшаруашылығы көрмесіне жіберді. Сол жылдары мектеп оқушыларының қызылшашылар бригадасы құрылып, олар әр гектардан 350-400 центнерден тәтті түбір жинап жатқан-ды. Шынында, оқушылар аянбай еңбек етті. Таудай боп үйілген қызылша үйіндісі көз қуантады. Мен мұнда ауаткомның төрайымы болып сайланған 1969 жылға дейін жұмыс атқардым.

Ауданымыздың ауыл шаруашылығы өткен жүз жылдықтың жетпісінші жылдары барынша дамып, жандана түсті. Тек қойдың өзі миллион басқа жетті. Сонда ауданымызға келген Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты ауаткомның төрайымы ретінде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Түйебековпен бірге қарсы алғанымыз есімде жатталып қалыпты. Сол кездесуде мені Д.А.Қонаевтың адамдарға деген ілтипаты, кішіпейілділігі, әңгімелескендегі аса жоғары парасаттылығы керемет әсерге бөлеген еді. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланғаннан кейін Мәскеуге бара жатып, осынау жаратылысы бөлек ұлы адаммен бірнеше мәрте пікірлестім. Бірде, ұмытпасам Ақтөбе қаласының тұсы болуы керек, Қазақстан делегациясы мінген арнайы поезға тіркелген екі вагонның бірінен, ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің  бірінші хатшысы бар, өрт шықты. Бағымызға қарай ешкім зардап шеккен жоқ. Лезде Ресейден басқа вагон жеткізіліп, біз аман-есен сол кездегі ортақ астанамызға жеттік.

Мені қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жаңа техникалармен және минералды тыңайтқыштармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілгеніне қарамастан, кәсіби шеберлігі жоғары мамандары бола тұра қант қызылшасынан диқандарымыз неге жоғары өнім алуға қол жеткізе алмай жүр? - деген ой мазалайды. Оның себебі, тоқырау және өтпелі кезеңде табысқа бастайтын ең негізгі іс-тәжірибені жоғалтып алдық. Оның үстіне, менің ойымша, қант қызылшасын өсіруге бұрынғыдай ынталы, жігерлі азаматтар бүгінде жоқ. Әйтпесе,  қант қызылшасы аса жоғары күтімді талап ететін, бейнеті көп дақыл. Басқасын былай қойып, қызылша өскіндерін жекелейтін мезгілде  диқандарымыз тұқым себуді бастап жатса жоғары өнім туралы қалай айтасың? Егер сен барлығын агротехникаға сай атқарсаң жақсы өнім алуға еш нәрсе де кедергі бола алмайды. Сондықтан бүгінгі мамандарға қарағанда, біздің кезіміздегі агрономдар әлде қайда көп білетін секілді ме? Мен ауаткомды басқарып жүргенде ауданымызда дәнді дақыл 120 мың гектарға, қызылша 9-10 мың гектарға дейін жеткен болатын. Сол кездегі аудан басшылары ауыл шаруашылығы жұмыстарын жіті бақылап, агротехникалық шаралардың орындалуын қатаң қадағалайтын. Бәлкім, бұл да ауыл шаруашылығын көтеруге оң әсерін тигізген болар.

Мен ауданымызға жаңа әкім келгелі бері болып жатқан өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Аудан басшысының өңірдегі халықтардың тұрмысын жақсарту жолындағы атқарып отырған игілікті істерін атап өткім келеді. Аудан көлеміндегі жан жадыратар жақсы істерді аудандық газеттен оқығаным болмаса, барлық жұмыстарға белсенді түрде қызығушылығымды бүгінде денсаулығым көтермейді.

Мен оның атасы, «Үңгірлі» колхозын басқарған басшылардың бірі – Жабағы ақсақалды жақсы білемін. Ол өте қайырымды жан болатын. Менің білуімше, Қожахан Көкірекбайұлын осы атасы тәрбиелеп, өзінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін немересінің зердесіне сіңіре білген секілді. Ойымда бір қызық әңгіме қалыпты. Бірде ол алыстағы мал жайылымына сапар шегеді. Жолға шықпас бұрын дүкенге барып, қант, шай, тағы біраз азық-түлік сатып алады. Мал жайылымына келгенде шопанның жары қант-шайларының таусылып, дастарханға не саларын білмей отырғандарын қысыла-қымтырыла жеткізеді. Осының бәрін алдын-ала болжап білген Жабағы, қоржынындағы сатып алған азық-түлігін малшының әйеліне береді. Ол кезде автодүкен алыс мал жайылымдарын жиі аралай алмайтын.Ел қамын ойлаған бастық, мұны ертерек ұқса керек.

Мен Қожаханның туған өлкесін гүлдендіруге, оның әсем де көркем елдімекенге айналуын жанымен қалайтындығын байқаймын. Сондықтан да мереке күндері оған және шулықтарға мол бақыт, мықты денсаулық, тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолындағы игілікті істеріне табыс тілеймін.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қараша 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0