Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

АНАЛАР БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

Дүниеде үш нәр бар: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, үшіншісі – ананың нұры».

Халық даналығы.

 

АНАЛАР  БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

 

Бүгінде асыл да ардақты әже, адал жар – Бегалиевтер әулетінің бас келіні, 7 баланың анасы «Батыр ана» атанып отырғаным, баға жетпес қазына дер едім. Өсірген ұлдарымды ұяға, қыздарымды қияға қондырып, бүгінде немере бағып, шөберелі болғанымды әрдайым мақтан етемін.

Өмір жолында жемісті еңбек етіп, бойындағы бар жігерін ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған,  еліне сыйлы, есімі әрқашан құрметпен аталатын  басием сауда саласында басшы қызметте жүріп, зейнеткерлікке шық-қаннан кейін де «Отан» партиясында қызмет атқарды.

Бейбіт кезеңде бесік тербетіп, тұмсықтыға шоқыттырмай, арқалап өсірген балаларымыздың барлығы жоғары білім алды. Бірі заң, құқық қорғау саласында болса, ал енді бірі медицина саласында өз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. Қазақтың: «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» дегеніндей, қолыма түскен келіндерім текті отбасыдан шыққан, кеңпейілді, жарқын жүзді, қашан да бастарынан ақ орамалдары түспеген абзал жандар болып шықты. «Қайын ененің топырағынан» дегендей, келіндерім де шаңырағымыздың тәрбиесін көріп, отбасымызға тастай батып, судай сіңіп, үбірлі-шүбірлі болып отыр.

Өзім де 30 жылдан аса темір жол саласында қызмет атқарып, ұл-қыздарымның қалай есейіп кеткенін байқамай қалыппын. Қызмет бабында жүріп, бірнеше медальдермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталғанмын. Бірақ, жеткен табыстарыма мақтанбай, сабырлық ұстанымын сақтайтын өзімнің бойымдағы қарапайымдылық қасиетімді балаларыма да үйретуден еш жалыққан емеспін.

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында егемен елімізде әйел қауымының абыройын асқақтатуға, мерейін тасытуға өлшеусіз көңіл бөлініп, келеді.

«Мақтанса бүгін, мақтансын қазақ,

Төбесі көкке жетпей тұр аз-ақ», дегендей, ТМД елдері арасында жоғары беделге ие болып отырғанымыз, Президентіміздің атқарған адал жұмысының айқын дәлелі. Еуропа төрінде көк Туымыздың желбірегені еліміздің әрбір азаматы үшін зор мақтаныш. «Талаптыға нұр жауар» - деп дана халқымыз айтқандай, талаптанып еңбек етіп келе жатқандардың еңбегі жансын. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің еңсесі биік болсын!

Тоғыз жолдың торабында орналасқан киелі Шу, қай кезде де жақсы жағынан атақ-даңққа ие, елі елдігін жоймаған, жеріне құт-береке орнаған киелі мекен. Шырайлы Шу өңірінде есімдері исі қазаққа кеңінен танымал Төле би Әлібекұлы, Балуан Шолақ, Бөлтірік шешен және тағы басқа да біртуар азаматтар дүниеге келген. Бергісін айтсақ, бұл өңірде 7 бірдей ақ жаулықты аналар кешегі кеңестік дәуірде ер-азаматтармен бірге ерен еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атанған. Бүгінде сол Г.А.Адаменко, С.Әлиева, Ж.Мамедова, К.Түнғатарова, Б.Шимашева, Ж.Шоманова, М.Юсупова секілді қарапайым еңбектің майталман ерлерін қыз-келіншектер өздеріне үлгі тұтып, ерліктерін қайталап жатса аналардың еңселері биіктеп, абыройлары арта беретініне күмән жоқ.

Шу ауданына - 80, Шу қаласына - 50 жыл толуы тарихымызға үлкен әріптермен жазылып, өскелең ұрпаққа мақтаныш боларлықтай айтулы мереке болып отыр.

Шу жері – құт дарыған қасиетті өңір. Осынау қасиетті жерде отау құрып, ұрпақ өрбіткеніміз үлкен бақыт.

Құрметті аналар! «Алып анадан туады» дейді халық даналығы. Ақын да, батыр да, шешен де, көсем де мейіріміді ананың ақ сүтінен нәр алады. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызықтарына кенеле беріңіздер.

Әрқашан жанарларыңыздан шаттықтың нұры, жүздеріңізден бақыттың табы арылмасын, тіршіліктің тұтқасы, отбасының тірегі бола беріңіздер!

 

Райкүл НИЕТБАЕВА,

Батыр ана.

Шу қаласы.

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Желтоқсан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0