Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Ақсу ауылы

«Азаматын көріп, ауылын таны»

Ақсудың абзал жандары

Бастауын Қырғыз Алатауынан алатын шағын өзен біздің ауылдың жанынан  ағып өтіп, Шу өзеніне құяды. Суы мөп–мөлдір түбіндегі ойнаған балығы  көрініп тұратын, жылда жылқұсы қонбай кетпейтін өзеннің бойында арысы Баласағұн бабамыз, берісі Қозыүй батыр туып өсіпті деген дерек бар. Таяқ тастам жерде Ақсумен қатарласып Шуға  құятын Тоқташ өзенінің бойында Абылай ханның туын ұстаған руы Ботбай (Қоралас)  Жауғаш батыр туыпты. Арғысын айтпағанда, Ақсу өзені жағасында туып, тіршілік қамымен ел аралап, ерен еңбегімен көпке танылған ақсулық азаматтарымыз аз емес. Өткен ғасырдың басында Ақсуда туып, өнер-білім қуған, кейіннен Шу, Қордай, Көктерек аудандарында партия, совет қызметкері  болып көп жыл істеген Базарбаев Шамбаймен бірге оқып, Алматы облысы, Ұзынағаш аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген Құлжанов Саниязды себепсіз естен шығардық.  Жазықсыз " халық жауы ”  атанып, 37-жылы  37 жасында   атылып кетті. 50–ші жылдар ішінде Ақсу ауылының бастауыш мектебін үздік бітіріп, кейін  Көктеректе білім алған Қанат Әлмереков Маматқазы Ленинград  университетінің  философия факультетін бітірген соң  БЛКЖО Орталық комитетінде секретарь,  "Лениншіл Жас ” газетінің бақылаушы редакторы, Кремльде шетел қонақтарын қабылдаушы міндетін атқарған. Кейін А.С.Хрущевке қарсы тұрғаны үшін ол қызметінен босап, БХШЖ–дегі  Қазақстан павильонын басқарып зейнетке шыққан. Оның әйелі Роза Әлмерек келіні эпидемиология ғылымының докторы дәрежесіне жетіп, өткен жылы қайтыс  болды. Жалғыз қызы Әлия Маматқазықызы Әлмерекова Халықаралық қатынастары институтын ойдағыдай бітіріп, ағылшын, француз және араб тілдерін жетік білгені үшін Михаил  Горбачевтың аудармашы-референті болып, көп жыл еңбек етіп, кейін зейнетке шықты. Әлия әкесімен бірге  Москвада тұрады.

Көпке танымал, қадірменді қария, еңбек және соғыс ардагері Тілеужанов Әшімқұлмен Ақсу ауыл мектебінде бірге оқыған Қарамолдаев Қайсаралы 50-60 жылдары Қазақстан прокурорының бірінші орынбасары болып, көп жыл қызмет істеп дүниеден өтті. Ақсу ауылының экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосқан, осы ауылды 10 жылдан аса басқарған Жапсарбай Шүленовтың еңбегін де айта кету керек.

Ақсу ауыл мектебін бітіріп, Шу, Меркі, Мойынқұм ауданы әкімі болып қызмет істеп жүрген ініміз Болат Қанатбайұлы Рысмендиевті орынды мақтан ете аламыз. Ақсулық азаматтардың арасында ғылым мен білім саласында жемісті қызмет етіп жүргендер де аз емес. Атап айтсақ, «Экономика» оқулығының авторы Манат Әшімқұлқызы Тілеужанованы, филология ғылымының кандидаты университетте шешендік өнерден дәріс  оқитын Раушан Мәмиқызы Әбдіқұлованы көпшілік біле бермейді. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын бітірген Жамбыл қаласында білікті оташы (хирург)болып істеген медицина ғылымының кандидаты  ақсулық Темірбек Жайнақбаевтың ұлы Алматы медицина институтының ректоры, медицина генерал-майоры Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев та ауылдың нағыз жанашыры. Ол өз қаражатына 300 кісі бір мезгілде намазға тұратын «Ақ мешіт» салып берді. Ақсу ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы, «Өтеулі» шаруа қожалығының  бастығы Сарсенбаев Бимаханбет те 300 орындық «Күлжахан» мейрамханасын салып, бүгінде ауыл тұрғындары оның игілігін көріп отыр.

Алақандай Ақсу ауылынан есімі жалпақ жұртқа мәлім спортшы жастардың шыққанын біз орынды мақтан етеміз. Қалың қарағайды қолының қырымен ұрып сындыратын алапат күш иесі, балалар мен жасөспірімдер арасында таеквондо (MTF)  спорт клубының төрағасы Темірхан  Мұқашұлы Әлібеков жас та болса спортқа бас болған мақтауға тұрарлық жігіт екен.

Арғы атасы Сәпи Ақсу ауылына 20 жыл болыс болған көпке танымал кісі деседі. Сәпидің баласы Сыдық молда алапат күшімен де жұртқа танымал екен. 40 градус суықта Шу өзеніне түскен қасқырды суға тұншықтырып өлтірген деседі. Сол кісінің ұрпағы Жасұлан Сыдықов грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында бірінші орын алды. Ал оның інісі Жайдар Дуаштегі Д.Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен дәстүрлі республикалық турнирде 100 кг салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, шетелде болатын күреске жолдама алды. Жасұлан грек-рим күресінен 96 кг салмақта үш дүркін чемпион атанды.

Ақсулықтар өз жерлестерін орынды мақтаныш ете алады.

Мәми ӘБДІҚҰЛҰЛЫ,

ҚР журналистер одағының мүшесі,

Шу ауданының Құрметті азаматы.

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0