Биздин ю тубымызга кирендер https://www.youtube.com/chann...

Жаңалықтар

Шу ауданы – шырайлы аймақ

Жамбыл облысының әкімі,

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Қанат Бозымбаевтың құттықтауы

 

Құрметті шулықтар!

Үстіміздегі жылғы желтоқсан айында Шу ауданының құрылғанына – 80, Шу қаласының қала болып атанғанына 50 жыл толатындығы облыс өміріндегі салиқалы саяси оқиға саналады. Айтулы мерекелер қарсаңында сіздердің қуаныштарыңызға ортақтаса отырып, шын жүректен шыққан құттықтауым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын баянды басшылыққа алған Шу елінің абыройы асқақ, тарихы терең, атағы айбарлы екенін жоғары бағалаймыз. Әсіресе, сіздер ауылшаруашылығын дамытуда, темір жол тиімділігін арттыруда және басқа да жетекші салаларды жетілдіруде әрдайым табыстар биігінен көрініп келесіздер. Сондай-ақ, халықтар достығын паш етіп, ел ырысын ынтымақпен, еңбек сүйгіштікпен толықтыра түстіңіздер. Мұның бәрі тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта берудің жарқын бір көрінісі екендігіне кәміл сенімдімін. Алдағы уақытта да мерейлеріңіздің үстем бола беруіне шынайы тілектеспін!




Мерекелік сұхбат

ЕЛ МЕРЕЙІ – БӘРІНЕН  БИІК

Шу ауданының құрылғанына – 80, Шу қаласының қала атанғанына 50 жыл толуына арналған мерекелік шаралардың салтанатты басталуына санаулы күндер қалды. Шу елі «Тойдың болғанынан болады-сы қызық» - деген киелі кезеңді бастан өткеруде. Осындай қарбалас шақта редакциямызға қоңырау шалғандар да көбейіп кетті. Оларды аудан өмірінің тыныс-тіршілігі бұрынғыдан гөрі көбірек қызықтыра түскендігін айқын аңғардық. Сондықтан қойылған сауалдарға толымды жауап берудің тиімді тәсілін іздестіруді жөн көрдік.

Осындай  ізгі  мақсатпен мереке қарсаңында аудан әкімі Қожахан  Жабағиевке  жолығып, емен жарқын әңгімелестік. Біз төменде сол сұхбатымызды оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

 

 

Құрметті Қожахан Көкірекбайұлы, алдағы уақытта аудан көлемінде өткізілетін мәдени шаралар өз мәресіне жеткен тәрізді. Сіз бұл туралы қандай ойдасыз?

-               Жалпы алғанда, Шу ауданының 80 жылдығы мен Шу қаласының 50 жылдығын атап өтуге дайынбыз. Алдын-ала өзіміз белгілеген жұмыстар  толығынан орындалды. Оны қазір аз немесе көп деп айту қиын. Өйткені, уақыттың тығыздығы көңілдегі басқа да мәселелерді қолға алуға тосқауыл қойды. Бірақ бүгінгімен шектеліп қалмаймыз. Ел-жұртымыздың еңсесін көтеруге бағытталған игі іс-шаралар жалғасын таба береді.

-               Уақыттың тығыздау болғандығы рас. Сіздің ауданды басқарғаныңызға небәрі сегіз ай енді толады. Дегенмен, өзіңізге қандай жауапкершілікті жүктедіңіз?

-               Бұл бағалы бастама маған дейін көтерілген екен. Бірақ ауыз толтырып айтатындай дайындық шаралары жасалынбаған. Жергілікті жұрт жағымды жаңалыққа құлақ түріп жүргендіктен бұл мәселеге жаңа қызметке кіріскеннен кейін баса назар аудардым. Аудандағы ел құрметіне бөленген аға ұрпақ өкілдерімен кеңінен ақылдастым. Сондай-ақ, аудан активімен кеңестім. Жиылған қауым бірауыздан қолдау көрсетіп, зор ықылас танытты. Елдің мерейі бәрінен биік екенін бағалап, әкімдік қызметтің жауапкершілігі жетіп жатса да, тұған жерімнің тұғырын биіктете беруге бекем бел будым.

-               Жауапкершіліктің жүгі жеңіл болып көрмесе де, оны былайғы жұрт түпкі нәтижесімен бағалайды. Әзірге атқарылған ауқымды істермен таныстыра кеткеніңіз дұрыс болар еді...

-        Атам қазақ: «Сырт көз - сыншы» - деп орынды айтқан. Мереке аясында қандай істерді қолға алдық, оны қалай орындағанымыз көпшіліктің көз алдында. Дегенмен, атап айтар жайлар да бар. Мәселен, Төле би ауылында Балуан Шолақ бабамызға еңселі ескерткіш орнатылып, оның бір жәрмеңкеде  бәске көтерген тасы жанына қойылды. М.Жүнісәлиев атындағы саябақ та біршама ретке келтірілді. Осы ауылдағы орталық стадион да талапқа сай күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, Шу қаласында теміржолшылар құрметіне биік тұғырға паровоз қойылды. Талай жылдардан бері қараусыз қалған Жеңіс саябағы да қамқорлыққа алынып, оның ортасынан жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтың ескерткіші бой көтерді. Аудан мен қала тарихы туралы кітаптар жарық көрді. Басқа да ізгілікті істер баршылық.

-        Мұның бәріне қыруар қаржы керек болған шығар. Оның көзін қалай таптыңыз?

-        Арнайы қор құрылды. Есепшотқа жекелеген азаматтар мен ұжымдар өз үлестерін өз еркімен қосты. Кімдердің қандай үлес қосқандығы аудандық газетте тұрақты жарияланып тұрды. Сондықтан кімнің қанша қаржы аударғанын оқырман қауым мен айтпасам да жақсы біледі. Осы уақытқа дейін қаржы аударғандардың бәріне дән ризашылығымды білдіремін. Ең бастысы, атқарылған жұмыстарға бюджет есебінен ешқандай қаржы аударылған жоқ.

-        Қос мереке халыққа қуаныш пен шаттық сыйласа екен деп, жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей шапқылап жүргеніңізге мен өзім қанықпын. Құдай қаласа, ұтымды ұйымдастырушы-лығыңыздың нақты нәтижесін көпшілік көретін болады. Енді сіз аудан мен қала тарихына қысқаша тоқталып өтіңізші?

-        1930 жылғы 17 желтоқсан күні Шу ауданы Алматы облысы құрамында құрылды. Өйткені Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1930 жылғы 23-шілдесінде шыққан қаулысы негізінде округтер таратылып, оның орнына аудандық әкімшілік-аумақтық бақылау ұйымдастырылады. Осы қаулымен жаңа құрылған 121 ауданның бірі – біздің Шу ауданы орталығы – Шу селосы болып белгіленді. Осы тарихи деректерді Қазақ автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесінің қаулысы негіздейді.

Ал, 1960 жылғы 24 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығына сәйкес Шу жұмысшылар кенті Шу ауданына қарасты Шу қаласы атанды. 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің жаңадан құрылуына байланысты Шу қаласы өлкелік билікке бағынды. Екі жылдан кейін өлке таратылып, Шу қаласы қайтадан Шу ауданының құрамына қосылды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1965 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен Шу қаласы Жамбыл облыстық бағынысқа көшірілді. 1997 жылдың 1-сәуірінен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Шу қаласы Шу ауданының құрамына қайта қосылды.

Шу атауымен аталатын аудан мен қаланың өзегі бір, тамыры ортақ десек, асыра айтқандық емес. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бір өзеннің бойына қатар қанат жайғандықтан тыныс-тіршілігі, ырыс-ынтымағы біте қайнасқан.


Мерекелік сұхбат

 

Кіру формасы

іздеу

Күнделік

«  Қазан 2017  »
ДССсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Бағалау

Оцените мой сайт
Барлық жауаптар: 97

Статистика


Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0